БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 690 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30485 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарын ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 392-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.
Кодекстің 386-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген өндірушілер мен импорттаушылар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін тек келесі тәсілдердің бірімен ғана орындайды:
1) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім беру және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде ақша енгізу.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) меншікті жүйе – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілген қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру жолымен іске асыру тәсілі;
3) өндірушілер (импорттаушылар) – Кодекстің 386-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өндірушілердің (импорттаушылардың) міндеттемелері;
5) өтініш беруші – осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органға меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын растау туралы құжаттар қоса берілген өтінімді жіберген өндіруші (импорттаушы);
6) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
7) технологиялық регламент – қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату процесін, сондай-ақ қайта пайдалануға, сұрыптауға, өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға дайындық бойынша жүзеге асырылатын процестерді сипаттайтын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.
2-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) ұсыну тәртібі
3. Өтініш беруші жартыжылдықта бір рет, бірақ есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын меншікті жүйесін пайдалану жолымен растау үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) өндірушінің (импорттаушының) технологиялық регламенті;
2) қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін қажетті, сондай-ақ қайта пайдалануға, сұрыптауға, өңдеуге және залалсыздандыруға дайындық бойынша жүзеге асырылатын процестер болған кезде "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ресімделген өндірушінің (импорттаушының) ұзақ мерзімді активтерінің түгендеу тізімдемесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық);
3) қалдықтарды жинауды растайтын құжаттар:
қалдықтарды қабылдау-беру күні және қалдықтардың кіріске алынған массасы туралы ақпаратты қамтитын қалдықтарды қабылдау-беру актілері;
олар өлшенген таразы жабдығы туралы деректерді (өлшеу құралдарының атауы, түрі және сериялық нөмірі, шығарылған жылы) көрсете отырып, салыстырып тексерілген таразы жабдығында өлшеу нәтижелері туралы актілер;
есепті жартыжылдықта қолданыста болған "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген таразы жабдығын салыстырып тексеру сертификаттары;
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын адам жиналатын қалдықтарға қорлардың кіріс ордерлері (бұдан әрі – ҚКО) туралы қол қойған, кіріске алынған күні, ҚКО нөмірі және кіріске алынған қалдықтардың массасы туралы ақпаратты қамтитын жиынтық ақпарат;
4) қалдықтарды тасымалдауды растайтын құжаттар:
тауар-көлік жүкқұжаттары және (немесе) жол парақтары және (немесе) темір жол көлік жүкқұжаттары;
Қайта өңдеу объектілерінің аумағында қалдықтарды жинау пункттері болған жағдайда тасымалдауды растайтын құжаттар талап етілмейді.
5) қалдықтарды қайта өңдеуді растайтын құжаттар:
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, есептен шығару күні, акт нөмірі, есептен шығарылған қалдықтардың массасы және атауы туралы ақпаратты қамтитын, қорларды өндіріске есептен шығару актілері (талап-жүкқұжаттар) туралы жиынтық ақпарат;
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімге ҚКО туралы, кіріске алу күні, ҚКО-лардың нөмірі, кіріске алынған дайын өнімнің және (немесе) қайта өңдеу нәтижесінде түзілген ілеспе қалдықтардың (компоненттердің) атауы мен массасы туралы ақпаратты қамтитын жиынтық ақпарат;
онда көрсетілген талаптар өндірілетін өнімге (тауарға)таратылған жағдайда, өндірілетін өнімнің ұлттық стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік есептің электрондық базасынан алынған тоннамен қалдықтар және дайын өнім бөлігінде есепті жартыжылдық материалдық ведомость;
6) өтінім беруші өндірушілер мыналарды қосымша ұсынады:
дайын өнімді (тауарларды)өткізуді растайтын құжаттар мен мәліметтерді;
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан сатып алушылар және өткізілген өнімнің массасы туралы деректермен бірге дайын өнімді (тауарларды) тоннамен өлшегенде бірінші басшының (уәкілетті тұлғаның) немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған өткізу туралы есеп;
өткізілген дайын өнімге (тауарларға) электрондық шот-фактуралар;
есепті жартыжылдықта бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік есептің электрондық базасынан алынған тоннамен өткізілген дайын өнім, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнім бөлігіндегі материалдық ведомость.
Технологиялық регламентке сәйкес қалдықтарды басқару (қайта пайдалануға дайындау және (немесе) сұрыптау және (немесе) өңдеу және (немесе) залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату) жөніндегі өзге де операцияларды жүзеге асыру кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзімдерде осы тармақта көрсетілген құжаттармен еркін нысанда қалдықтардың массасын көрсете отырып, қалдықтарды басқару бойынша жүзеге асырылған операциялар туралы ақпарат беріледі.
Осы тармақта көрсетілген мерзімдерден кейін ұсынылған өтініштер мен құжаттар қарауға жатпайды.
4. Уәкілетті орган есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына тиісті жартыжылдықта өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) Қазақстан Республикасының аумағына өтініш беруші импорттаған түрлері мен массасы туралы ақпарат беру туралы сұрау салуды;
2) өтініш берушінің құжаттарын Операторға жібереді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға тиісті жартыжылдықта өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) Қазақстан Республикасының аумағына өтініш беруші импорттаған түрлері мен массасы туралы ақпаратты жібереді.
5. Уәкілетті орган өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын Қазақстан Республикасының аумағына өтініш беруші импорттаған өнімнің (тауарлардың) түрлері мен массасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан ақпарат алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Операторға жібереді.
6. Оператор уәкілетті органнан келіп түскен өтініш берушінің құжаттарын мынадай тәртіппен қарайды:
1) уәкілетті органнан құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы мен оқылуын тексереді;
2) Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген қандай да бір құжаттар болмаса және (немесе) құжаттар оқылмайтын болса, Оператор өтініш берушіні ұсынылған құжаттардың толық жинақталмағандығы және (немесе) оқылмайтындығы туралы хабардар етеді;
3) өтініш беруші Оператордан хабарлама алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Операторға жетіспейтін және (немесе) оқылатын құжаттарды жібереді.
Өтініш беруші осы тармақта белгіленген мерзімдерде тиісті құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде Оператор есепті жартыжылдықта меншікті жүйесін қолдану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі өтінішті қарауды тоқтатады және осы тармақта көрсетілген мерзімдер өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті есепті уәкілетті органға жібереді;
4) өтініш беруші тиісті құжаттар топтамасын 3) тармақшада белгіленген мерзімдер шегінде ұсынған кезде Оператор уәкілетті органнан осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған ақпаратты алғаннан кейін келесі күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде меншік жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі өтініш берушінің құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 688 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30484 болып тіркелген) бекітілген Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген шарттарға қол жеткізу бойынша есепті жартыжылдықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған құжаттарды қарайды;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған құжаттарда импортталатын өнімнің (тауарлардың) массасы болмаған жағдайда Оператор өтініш берушіден мынадай құжаттардың көшірмелерін сұратады:
буып-түю парақтары және өнім паспорттары (бар болса);
халықаралық тасымалдауды растайтын өнімге (тауарларға) арналған халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген, қоса алғанда, көлік жүкқұжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің (тауарлардың) орнын ауыстыруын растайтын құжаттар;
шот-фактуралар не инвойстар (бар болса).
Оператор сұрау салған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтініш беруші Операторға осы тармақшада көзделген құжаттарды жібереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттар бойынша импортталған өнімнің (тауарлардың) массасын айқындау мүмкін болмаған немесе осы тармақта көзделген құжаттарды бермеген жағдайда Оператор импортталатын өнімнің (тауарлардың) массасын есептеуді "Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесінде көзделген өнім (тауарлар) бірліктері массасының және (немесе) өнім (тауарлар) қаптамасының орташа көрсеткіштерінің анықтамалығы бойынша жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген құжаттарды ұсынған кезде Оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға өтініш берушінің құжаттарын қарайды.
6) өтініш беруші ұсынған құжаттардың Талаптарға сәйкестігін қарау қорытындылары бойынша Оператор осы тармақшада көрсетілген мерзімдер өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға тиісті есеп жібереді.
7. Тыңдау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес Оператордан есепті алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы есептің негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша не дәлелді бас тарту бойынша міндеттемелердің орындалуын растау жөніндегі қорытынды шешімді қалыптастырады және қорытынды шешіммен тиісті жауапты өтініш беруші мен Операторға жібереді.
9. Келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауына сәйкес уәкілетті органның қорытынды шешіміне шағымдануға құқылы.
Нысан
Өтініш
Ұйымның атауы | |||||||
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |||||||
Есепті жартыжылдық | |||||||
Қалдықтарды жинау туралы мәліметтер | |||||||
Қалдықтарды атауы |
Есепті жартыжылдықтың |
Есепті жартыжылдықта | Есепті жартыжылдық соңындағы қалдықтардың қалдығы, тонна | ||||
Есепті жартыжылдықта қалдықтарды қайта өңдеу туралы мәліметтер | |||||||
Қалдықтардың атауы | Қайта өңделген қалдықтардың мөлшері, тонна | Алынған дайын өнімнің атауы | Дайын өнімнің массасы, тонна | Сатылды | |||
Қазақстан Республикасы аумағында, тонна | Экспорт, тонна | ||||||
Тауарларды өнімдерді өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі мәліметтер | |||||||
Өнімнің / тауарлардың атауы | Өндірілген (тонна) | Импортталған (тонна) | |||||
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау | Өндірілген өнімнен сатылды (өндірушілер үшін) / импортталды (импорттаушылар үшін) (тоннамен) | Қайта өңделген (тоннамен) | |||||
Нысан
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органға Оператордың өтініш берушінің уәкілетті орган бекіткен талаптарына сәйкес қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату меншікті жүйесіне сәйкестігі туралы есебі
Ұйымның атауы | |||
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | |||
Есепті жартыжылдық | |||
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кіріс тапсырмасының нөмірі | |||
Қалдықтардың түрі | |||
Мәртебесі | |||
Қағидаларда көзделген құжаттың атауы | Құжаттардың бар-жоқтығы | Осы Қағидаларға, Талаптарға сәйкестігі | |
1) өндірушінің (импорттаушының) технологиялық регламенті | |||
2) қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ қайта пайдалануға, сұрыптауға, өңдеуге және залалсыздандыруға дайындық бойынша жүзеге асырылатын процестер болған кезде "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес ресімделген өндірушінің (импорттаушының) ұзақ мерзімді активтерінің түгендеу тізімдемесі | |||
3) қалдықтарды жинауды растайтын құжаттар | |||
қалдықтарды қабылдау-беру актілері (жеке тұлғалардан кіріске алу актісі) құрамында қабылдау-беру/кіріске алу күні, актінің нөмірі және қалдықтардың массасы туралы ақпарат бар | |||
олар өлшенген таразы жабдығы туралы деректерді (өлшеу құралдарының атауы, түрі және сериялық нөмірі, шығарылған жылы) көрсете отырып, салыстырып тексерілген таразы жабдығында өлшенеді өлшеу нәтижелері туралы актілер; | |||
есепті жартыжылдықта қолданыста болған "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген таразы жабдығын салыстырып тексеру сертификаттары | |||
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын адам жиналатын қалдықтарға қорлардың кіріс ордерлері (бұдан әрі – ҚКО) туралы қол қойған, кіріске алынған күні, ҚКО нөмірі және кіріске алынған қалдықтардың массасы туралы ақпаратты қамтитын жиынтық ақпарат | |||
4) қалдықтарды тасымалдауды растайтын құжаттар | |||
тауар-көлік жүкқұжаттары және (немесе) жол парақтары және (немесе) темір жол көлік жүкқұжаттары, бөгде ұйымдардың/жалға беру қызметтерін пайдалану туралы шарттар | |||
5) қалдықтарды қайта өңдеуді растайтын құжаттар | |||
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, есептен шығару күні, акт нөмірі, есептен шығарылған қалдықтардың массасы және атауы туралы ақпаратты қамтитын, қорларды өндіріске есептен шығару актілері (талап-жүкқұжаттар) туралы жиынтық ақпарат | |||
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімге ҚКО туралы қол қойған, кіріске алу күні, позалардың нөмірі, кіріске алынған дайын өнімнің және (немесе) қайта өңдеу нәтижесінде түзілген ілеспе қалдықтардың (компоненттердің) атауы мен массасы туралы ақпаратты қамтитын жиынтық ақпарат | |||
өндірілетін өнімнің ұлттық стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар, онда көрсетілген талаптар өндірілетін өнімге (тауарға) таратылған жағдайда | |||
бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік есептің электрондық базасынан алынған тоннамен қалдықтар және дайын өнім бөлігінде есепті жартыжылдық материалдық ведомость; | |||
6) Өндірушілердің өтініш берушілері үшін-өнімнің (тауарларды) өткізілген | |||
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшының (уәкілетті тұлғаның) немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған сатып алушылар және өткізілген өнімнің массасы туралы деректермен бірге дайын өнімді (тауарларды) тоннамен көрсетілген өткізу туралы есеп | |||
өткізілген дайын өнімге (тауарларға) электрондық шот-фактуралар | |||
бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік есептің электрондық базасынан алынған тоннамен өткізілген дайын өнім бөлігінде сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнім есепті жартыжылдық материалдық ведомость. | |||
7) қалдықтарды басқару жөніндегі өзге де операцияларды жүзеге асыру кезінде (қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, залалсыздандыру) технологиялық регламентке сәйкес ақпарат | |||
8) импортталған (өндірілген) өнім туралы деректер (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған деректер) | |||
9) Қағидалардың 5) тармақшасына сәйкес қосымша құжаттар | |||
10) өтініш беруші қолданатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жүйесінің талаптар мен қағидаларға сәйкестігі туралы қорытынды. | Сәйкес келеді/Сәйкес келмейді |