"Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 228-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36243 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.";

      Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидалары";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 157-бабының 5-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану тәртібі";

      5-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жасылсын:

      "5. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы органға, су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларына портал және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы сұрау салуды дайындайды және жібереді, олар жеті жұмыс күні ішінде теңіз объектісінің көрсетілген географиялық координаттарын құру мен ауданда орналастырудың орындылығы немесе орынсыздығы тұрғысынан келіседі.";

      2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізумен байланысты теңіз объектілерін жобалау";

      16-тармақта:

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес ықтимал дағдарысты (авариялық) жағдайларды талдау, олардың алдын алу және жұмыс істейтін персонал мен теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуге байланысты теңіз объектілеріндегі авариялық жағдайда (ықтимал) әсер ету аймағында тұратын тұрғындарды қорғау жөніндегі іс-шаралар;";

      5) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      20-тармақтың бірінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу үшін жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) пайдалануға бастапқы қабылдауды тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында құру аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 35-тармағын ескере отырып жүзеге асырады.";

      21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "21. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеу, кеме қатынасына, кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғауға және әдетте теңіздегі белгілі бір аумақта жүзеге асырылатын басқа да заңды іс-әрекеттерге кедергі келтірмеу үшін теңіз объектілеріне олардың теңіздегі орналасқан жері туралы ескерту жөніндегі тиісті құралдарды (навигациялық жабдық құралдарды) қамтамасыз етеді.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші:

      1) көтеру және бекіту;

      2) түсіру және бастапқы қорыту;

      3) жүзу үстінде құрастыру;

      4) сүйрету;

      5) іске қосу және тік көтеру;

      6) суға батыру;

      7) тіректерді орнату;

      8) соңғы монтаждаудан кейін тұтас құрылыстың құрылымдық беріктігі мен тұтастығы сияқты жұмыстарды жүргізу кезінде теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру үшін пайдаланылатын құрылыстардың құрылымдық беріктігінің әлсіреуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.";

      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасының әскери кемелерінен басқа, бөгде кемелерге теңіз құрылысының қауіпсіздік аймақтары шегіне кіруге шек қойылады. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізуді қолдайтын теңіз және әуе кемелері қауіпсіздік үшін үнемі бортта болып жауап беретін теңіз объектісінің персоналын қауіпсіздік аймағына өзінің кіру және осыған теңіз объектісін пайдаланатын ұйым басшысынан тиісті рұқсат алу ниеті туралы хабардар етеді.";

      38-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "38. Теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізілген кезде теңіз объектілерін пайдалану аяқталған соң, осындай объектілерді, егер де олар шаруашылық немесе өзге де мақсаттарға пайдалануға болмайтын болса, оларды адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтіндей және кеме қатынасына немесе кәсіпшілікке, су биологиялық ресурстарын пайдалану мен қорғауға кедергі келтірмейтіндей етіп демонтаждау қажет.";

      1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді
жүргізу кезінде пайдаланылатын
теңіз объектілерін теңізде құру,
орналастыру және
пайдалану қағидаларына
1-қосымша";

      реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;
2) өтініш берушінің және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне және Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларына белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болса;
4) өтініш берушіге қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;
5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

      ";

      "Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде құру,
орналастыру және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде құру,
орналастыру және
пайдалану қағидаларына
3-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:

  "Көмірсутектерді барлауды
және (немесе) өндіруді жүргізу
кезінде пайдаланылатын теңіз
объектілерін теңізде құру,
орналастыру және
пайдалану қағидаларына
4-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 3 маусымдағы
№ 228-н/қ бұйрығына
қосымша
  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
1-қосымша

      Нысан

      Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алу үшін өтініш

      (қайда) _______________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен) ______________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның

      толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс,

      электрондық пошта)

      _____________________________________________________________

      (теңіз объектісінің атауы (маркасы)

      _____________________________________________________________

      (теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде көмірсутектерді

      барлау және (немесе) өндіру жүргізу қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)

      _____________________________________________________________

      (жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және орналастыру

      жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін

      Басшы _____________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Электрондық-цифрлық қолтаңба 20___ жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады