Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 маусымда № 36214

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалға берушінің:

      1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалға алушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға жазбаша рұқсат беруге;

      2) жалға алушыға объектіні қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге;

      3) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;

      4) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;

      5) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;

      6) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.

      8. Жалға алушының:

      1) жалдау ақысын аванспен төлеуге;

      2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға рұқсат алуға жалға берушіге өтініш жасауға;

      3) объектіні қосалқы жалға беруге рұқсат алу үшін жалға берушіге өтініш жасауға;

      4) жалға берушіге шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы ұсыныстар енгізуге құқығы бар.".

      2. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру жалға берушінің жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады.

      Жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға тапсыруға рұқсат алу үшін жалға алушы жалға берушіге қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдерін көрсете отырып, жазбаша түрде тиісті өтініш береді.

      Жалға беруші жалға алушының жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға тапсыру туралы өтінішін он бес жұмыс күні ішінде қарайды және мынадай:

      1) жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға беруге келісу туралы;

      2) қосалқы жалдау шарттары мен мерзімдері жалдау шартына сәйкес келмеген жағдайда, жалға алынған объектілерді қосалқы жалдауға беруден бас тарту туралы шешімдердің біреуін қабылдайды.".

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады