Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 28 мамырдағы № 100-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 маусымда № 36209 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Су Кодексі 37-бабының 1-тармағының 28-7) тармақшасының үшінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
Е. Ибрайханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 100-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің (бұдан әрі – АШТӨ) шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабының 1-тармағының 28-7)-тармақшасының үшінші абзацына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өзін-өзі ақтауын арттыру жолымен инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:

      1) агоөнеркәсіптік кешендегі су үнемдеу технологияларын енгізу бөлігіндегі инвестициялық жоба (бұдан әрі – инвестициялық жоба) – су ресурстарын ұтымды тиімді пайдалану мақсатында жобаның паспортына сәйкес жаңаларын құруға, су алу және беру үшін инфрақұрылымды кеңейтуге, жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялық салымдарды көздейтін іс-шаралар кешені;

      2) агроөнеркәсіптік кешендегі инвестор (бұдан әрі – инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) – инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын және негізгі немесе қайталама қызмет түрі осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын және ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және (немесе) өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісі үшін негізгі немесе қайталама қызмет түрінің тізбесіне сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) бөлімдеріне жататын ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен және (немесе) өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісі;

      3) арнайы шот – осы Қағидалардың 4-тарауының шарттарына сәйкес инвестициялық субсидиялардың сомалары аударылатын қаржы институтының екінші деңгейдегі банктегі шоты;

      4) ауыл шаруашылығы жабдығы (бұдан әрі – жабдық) – ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға, электрлендіруге және автоматтандыруға арналған, пайдаланылу ерекшелігіне байланысты технологиялық процестерді орындау уақытында тірек бетіне қатысты конструкцияның базалық және корпустық элементтерінің қозғалмауы тән ауыл шаруашылығы техникасы;

      5) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

      6) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

      7) жобаның паспорты – инвестициялық субсидиялауға жататын жаңа, бұрын пайдаланылмаған жабдықтар мен басқа да негізгі құралдарды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, су алу және беру үшін осы Қағидаларға 2 қосымшада көрсетілген жаңа инфрақұрылым кеңейтімдерін құруға арналаған жабдықтардың атауы және инвестициялық салымдарды өтеу үлесі;

      8) инвестициялық салымдар – суды алу және жеткізу үшін жаңа инфрақұрылымды құруға немесе қолданыстағы инфрақұрылымды кеңейтуге бағытталған шығындар;

      9) инвестициялық субсидиялау – суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;

      10) инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) – инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдерін қарастыруға және инвестициялық субсидияларды беруде төлеу/бас тарту туралы шешім қабылдауға өкілетті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы;

      11) инвестициялық субсидиялау шарты – жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мен инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арасында жасалатын, инвестициялық субсидиялар қаражатын аударудың тәртібі мен шарттарын, мониторинг барысын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін келісім;

      12) қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар микроқаржы ұйымдары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес айқындалған сенім білдірген өкілдер (агенттер);

      13) өтінім – осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) инвестициялық салымдар кезінде инвестициялық субсидиялар алуына арналған электрондық түрдегі өтінімі;

      14) су алу және беруге арналған инфрақұрылымды кеңейту – жұмыс істеп тұрған объектіде қосымша өндірістік қуаттарды салуды, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жетіспейтін немесе қажетті жаңа, бұрын пайдаланылмаған жабдықтармен жарақтандыруды көздейтін іс-шаралар;

      15) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және СМАЖ-да көрсетілген өзге де мәліметтер;

      16) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      17) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

      4. Су алу және жеткізу үшін жаңа инфрақұрылым құруға немесе кеңейтуге арналған шығындарды субсидиялау осы Қағидалардағы 2-қосымшада көрсетілген жобаның паспортына сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлемей жабдықтың жекелеген түрлерін сатып алуды және монтаждауды ғана көздейтін болса, онда сатып алынған жабдық сатып алу-сату (лизинг) шарттары, жеткізу шарттары және (немесе) жабдықты монтаждау, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларация, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігін кеңейтуді және инвестициялық салымдардың жабдықтың құнынан өтеу үлесін субсидиялауды есептеуге арналған ең жоғары рұқсат етілген белгіленген құн шегінде субсидиялануы тиіс.

      5. Жыл сайын тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), жергілікті атқарушы органдардың (оның ішінде аудандық/қалалық) және қоғамдық және үкіметтік емес салалық ұйымдардың өкілдері болып табылатын басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатарынан мамандар тобын құрады және СМАЖ-ға тіркейді.

      Су алу және жеткізу үшін жаңа инфрақұрылым құруға немесе кеңейтуді көздейтін жобалар паспорттары бойынша объектілерді қарап-тексеру кезінде мамандар тобына құрылыс, қала құрылысы және сәулет мәселелері жөніндегі басқармасының мамандары енгізіледі.

      Инвестициялық жобалар бойынша жобалық паспорт бойынша мамандар тобы құжаттарды тексеруді, растайтын фотосуреттер мен бейнематериалдарды қоса бере отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) объектісін, сатып алынған жабдықтың жобалардың паспорттарында көзделген шарттарға сәйкестігін қарап-тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ белгіленген жабдықтың бар-жоғын, өндірістік қуаттардың жүктелуіне қолжеткізілуін тексереді.

      Әрбір объектіге жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайтын кемінде 2 (екі) маман жіберіледі.

      Қарап-тексеру инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) немесе оның сенім білдірген адамының қатысуымен жүзеге асырылады және оның нәтижесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестордың объектісін қарап-тексеру актісімен (бұдан әрі – объектінің қарап-тексеру актісі) ресімделеді.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мамандар топтарының құрамына кіретін адамдар еңбек демалысында, іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыз кезеңінде болуына, жұмыстан босатылуына байланысты СМАЖ-ға қолжетімділік шектеулі болатын жағдайларды қоспағанда, көрсетілген адамдарда СМАЖ-ға үнемі қолжетімділік болады. СМАЖ-ға қолжетімділікке шектеу осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс органының субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділігін шектеу туралы хабарламасымен расталады.

      7. Инвестициялық субсидиялау инвестициялық салымдар кезінде шығындарды өтеуді көздейтін шараларды қоспағанда, басқа да мемлекеттік қолдау шараларымен біріктіріледі.

      Инвестициялық субсидиялауға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жіберілмейді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес қаржы институтына аванстық төлеммен инвестициялық субсидияларды аудару тетігін қолдана отырып, жабдықтарды лизингке сатып алған кезде оны субсидиялау жағдайларына қолданылмайды.

      8. Инвестициялық субсидиялар тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталған, сондай-ақ қызметі "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Оңалту және банкроттық туралы заң) сәйкес тоқтатылған инвесторларға (көрсетілетін қызметті алушыларға) берілмейді.

2-тарау. Инвестициялық субсидиялаудың негізгі шарттары

      9. Инвестициялық субсидиялау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.

      10. Инвестициялық субсидиялау субсидиялауға электрондық өтінім берілген жылға дейін үш жылдан ерте емес пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша беріледі. Бұл ретте, инвестициялық жоба пайдалануға берілген күнге дейін үш жылдан ерте емес шығарылған, бұрын пайдаланылмаған жаңа жабдықтар субсидиялауға жатады.

      Инвестор инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімге оның шеңберінде жабдықтар сатып алу жүзеге асырылған инвестициялық жобаны пайдалануға беру актісін қоса береді.

      Инвестициялық субсидиялар сомасын есептеу кезінде осы тармақтың шарттарына сәйкес келетін жаңа, бұрын пайдаланылмаған жабдықтың өндірістік қуаты (суармалы жерлер) қолданылады.

      11. Егер жобаның паспорттары бойынша тек жабдықтарды сатып алу көзделсе, онда өтінім берілген жылға дейін 3 (үш) жылдан ерте емес шығарылған және сатып алынған жаңа, бұрын пайдаланылмаған жабдықтар субсидиялауға жатады.

      12. Субсидияны алу үшін инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) СМАЖ-ның жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) тиісті алаңының болуы қажет.

      Ауыл шаруашылығы кооперативінен өтінім берілген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінде тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің жиынтық алаңы ескеріледі.

      Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативіне мүшелік СМАЖ-ның "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталады.

      Қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын, мүшелерінің атына жер учаскелері тіркелген шаруа немесе фермер қожалығынан жоба паспорты бойынша өтінім берілген жағдайда, сатып алынған, шаруа немесе фермер қожалығының мүшесіне тіркелген жабдықтарға субсидия беруге жол беріледі.

      Бұл ретте, шаруа немесе фермер қожалығына мүшелік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерімен салыстырып-тексеру арқылы расталады.

      13. Өтінім осы Қағидаларда көрсетілген жоба паспортына, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылады.

      14. Сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді электрондық шот-фактуралармен растау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады (қаржы лизингіне сатып алынған тауарларды қоспағанда). 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған шығыстар қағаз түріндегі шот-фактуралармен расталады.

      АШТӨ (ауыл шаруашылығы кооперативі) жабдықтарды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден тікелей сатып алған кезде, сатып алуға жұмсалған шығындар тауарларға арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 456-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен (өтініштермен) (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан) расталады.

      15. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) субсидияларды алмаған жағдайда (мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдаланбаған кезде), инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтініші бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 5 (бес) жұмыс күні ішінде СМАЖ арқылы электрондық шот-фактураларды бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.

      16. Инвестициялық субсидиялар осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, суды алу және беру және/немесе жабдықты сатып алу үшін инфрақұрылымды құру және кеңейту кезінде пайдалануға берілгеннен кейін төленеді.

      17. Инвестициялық субсидияларды есептеу іс жүзінде салынған инвестициялар бойынша жүзеге асырылады. Шығындарды өтеу пайызы (бұдан әрі – %) жоба паспортында көзделген өтеу үлесіне сәйкес белгіленеді.

      18. Ағымдағы қаржы жылындағы өтінімдер бойынша ағымдағы қаржы жылы жергілікті бюджеттен инвестициялық субсидияларды төлеуге қаражат болған кезде әкімшінің шешімі бойынша инвестициялық салымдардың өтеу үлесін 80 (сексен) %-ға ұлғайтуға жол беріледі.

      19. Инвестициялық субсидиялардың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

      А = (Б х В) х Г, мұнда:

      А - инвестициялық субсидиялардың сомасы;

      Б - іс жүзіндегі инвестициялық салымдар сомасы немесе жобалардың паспорттарында көрсетілген субсидияларды есептеуге арналған ең жоғары жол берілетін құн (егер іс жүзіндегі инвестициялық салымдар субсидияларды есептеуге арналған ең жоғары жол берілетін құннан асса);

      В - жобалардың паспорттарында көрсетілген пайыздық мәндегі инвестициялық салымдарды өтеу үлесі;

      Г - жобалардың паспорттарында көрсетілген өлшем бірлігі (суармалы жер ауданы, га).

      Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша тіркеу есебінде тұрған АШТӨ үшін субсидиялар сомасын есептеу есепке жатқызылған ҚҚС сомасына азайтылған инвестициялық салымдар сомасына сүйене отырып жүргізіледі.

      20. Өтінімдерді қабылдау инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша тиісті жылдың 1 ақпанынан 15 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

      Өтінімдер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша қаралады.

      21. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидиялар сомасын жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есеп айырысу шотына аударады.

      Жабдықтарды және су алу және су беру үшін инфрақұрылымды құру және кеңейту объектілерді кредитке/лизингке сатып алған кезде инвестициялық субсидиялар қаржы институтына инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) оң шешімі негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдықты сатып алуға пайдаланған кредит/лизинг бойынша инвестордың (көрсетілген қызметті алушының) негізгі борышын өтеу қаржы институтының есебіне аударылады. Бұл ретте, егер инвестициялық субсидиялар сомасы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышы қалдығының сомасынан асқан жағдайда, онда негізгі борыш қалдығының сомасынан асатын айырма сомасы инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жіберіледі.

      Қаржы институты жұмыс органына инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып анықтама береді. Шоттың деректемелері өзгерген жағдайда қаржы институты жаңа деректемелерді көрсете отырып анықтама береді.

      Инвестициялық субсидиялар алатын АШТӨ үшін қарсы міндеттеме 2020 жылдан бастап осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталына инвестициялар бойынша статистикалық есептілікті ұсыну болады.

      22. Инвестициялық субсидиялауға өтінім беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады және СМАЖ-да тіркеледі.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталы мен СМАЖ-дың ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инвесторда (көрсетілетін қызметті алушыда) СМАЖ-да жеке шотының бар болуы СМАЖ-дың "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталады.

3-тарау. Инвестициялық субсидиялауға электрондық түрінде өтінім қабылдау және қарастыру тәртібі

      23. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылған инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінімді береді, өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса беріледі.

      Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес жоба паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабарлама жолданады.

      Хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы СМАЖ-ғы "жеке кабинетіне" жолданады.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      24. Субсидия алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқаның сканерлеген көшірмесі) мынадай растау, құқық белгілеу және/немесе тіркеу құжаттарын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімін береді.

      25. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өтінімін тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Аталған хабарлама инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      26. Өтінімге қоса берілген құжаттар не онда қамтылған қажетті мәліметтер толық емес болған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 1 (бір) жұмыс күні ішінде негіздерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып, өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      27. Өтінімді беру және тіркеу кезінде өтінім жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) немесе мамандар тобының "жеке кабинетіне" келіп түседі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) өтінім келіп түскен кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес жұмыс жүргізеді.

      28. Субсидия беруден бас тарту Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      Инвестициялық субсидияларды беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ-да мамандар тобының қарап-тексеру актісінің негізінде немесе инвестициялық жобаның және/немесе ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған кезде қабылдайды.

      29. Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      30. Өтінімді қарау нәтижелері туралы мәліметтер инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетіне" жіберіледі және веб-порталда көрсетіледі.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оң шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) электрондық нысанда СМАЖ арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялау шартын және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сатып алынатын жабдықтарды нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді қалыптастырады және қол қояды, олар инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) қол қою үшін автоматты түрде жіберіледі.

      31. Мұрагер (лер) мұрагер құқықтарын иеленген жағдайда, мұрагер (лер) СМАЖ арқылы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау шартына өзгерістер енгізу туралы хабарлама жібереді.

      Алынған хабарлама негізінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) 2 (екі) жұмыс күні ішінде инвестициялық субсидиялау шартына инвестордың деректерін түзету бөлігінде қосымша келісім қалыптастырады. Қосымша келісім субсидиялауды жандандыруға негіз болып табылады.

      32. Жасалған инвестициялық субсидиялау шарттары резервке (күту парағына) енгізіледі және инвестициялық субсидиялау шартын жасасу сәтінде қолданылатын талаптар мен өлшемшарттар бойынша субсидиялауға жатады.

      Инвестициялық субсидиялау шарттарын резервке (күту парағына) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінімдер келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша енгізеді.

      Инвестициялық субсидиялау шартын резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі.

      Резервке (күту парағына) келіп түскен инвестициялық субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде резервке (күту парағына) инвестициялық субсидиялау шартының келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында резервке (күту парағына) келіп түскен инвестициялық субсидиялау шарттары бойынша қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.

      Ағымдағы қаржы жылында күту парағындағы субсидиялау шарттары бойынша өтінімдерді төлеудің басталу уақыты мен күнін көрсете отырып, қосымша бюджет қаражатын бөлу туралы хабарлама СМАЖ-да тіркелген кезде инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-дағы "жеке кабинетке" жіберіледі.

4-тарау. Тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар бойынша инвестициялық субсидиялаудың жекелеген шарттары

      33. Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) жабдықтарды кредитке/лизингке жоспарлап сатып алған жағдайда, инвестициялық субсидияларды "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтына, арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару жүзеге асырылады. Аванстық төлеммен аудару тетігін қолданудың орындылығын жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) айқындайды.

      34. Инвестициялық субсидияларды арнайы шотқа алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) арнайы шотқа аванстық төлеммен аудару тетігін қолдана отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінім береді және қосымша Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты/лизингктік компания куәландырған Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімінің көшірмесін қоса береді.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) өтінімін мақұлдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты/лизингктік компания және инвестор (көрсетілетін қызметті алушының) арасында Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының/лизингктік компанияның арнайы шоттағы инвестициялық субсидияларды пайдаланбауы туралы үшжақты шарт және келісім жасалады.

      Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты/лизингктік компания (бұдан әрі – қаржы институты) осы Қағидалардың 35 немесе 36-тармақтарында көрсетілген шарттар уақытында орындалғанға дейін арнайы шотқа алынған инвестициялық субсидиялар қаражатын пайдаланбайды.

      35. Кредит/микрокредит беру арқылы инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) қаржыландырылған жағдайда, Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) кредит/микрокредит беруді жүзеге асырады және растайтын құжаттарды, кредиттік/микрокредиттік шарттың көшірмесін жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.

      Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтының немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы үшжақты шартқа және келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 360 (үш жүз алпыс) күннен аспайтын мерзімде сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің және кредиттік/микрокредиттік шартқа қосымша келісімнің (бар болса) көшірмелерін қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жабдықтарды жеткізудің аяқталғаны туралы хабарламаны және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік шартқа қосымша келісім (бар болса) және сатып алынатын жабдықтарды нысаналы пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жібереді.

      Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген қаражатты пайдалана алмайды.

      Кредиттік шарт бойынша түпкілікті сома іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе қаржы институтына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институты жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарламада көрсетілген мөлшерде жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына қаражатты қайтарады.

      Инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша кредиттік шарт бойынша түпкілікті сома субсидияларды есептеу үшін іс жүзінде рұқсат етілген ең жоғары құннан асатын субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.

      36. Жабдықтарды лизингке беру жолымен инвестор қаржыландырылған жағдайда, Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) оң шешімінің көшірмесін және арнайы шотқа қаражатты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде егер инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) және Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, онда қаржы лизингі шартында көзделген қаражатты инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотына аударады және жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) растайтын құжаттарды, сондай-ақ қаржы лизингі шартының көшірмесін ұсынады.

      Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты арнайы шотқа қаражат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күннен аспайтын мерзімде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) лизинг нысанасын қабылдау-тапсыру актісін және лизинг нысанасының түпкілікті құнын айқындау жөніндегі лизинг шартына қосымша келісімді қоса бере отырып, инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жабдықты жеткізудің аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      Бұл ретте Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғанға дейін арнайы шоттағы қаражатты пайдалана алмайды.

      Лизинг нысанасының түпкілікті құны іс жүзінде субсидиялау шартында көрсетілгеннен кем болған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидияларды қайта есептеуді жүзеге асырады, айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) анықтайды және 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институтына немесе қаржы институтына айырма сомасын (арнайы шотқа артық аударылған қаражатты) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп айырысу шотына қайтару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты жұмыс органынан (көрсетілетін қызметті берушіден) хабарлама алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде хабарламада көрсетілген мөлшердегі қаражатты жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) есеп шотына қайтарады.

      Инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) өтінімдері бойынша лизинг нысанасының түпкілікті құны субсидияларды есептеуге арналған барынша жол берілген құннан асатын субсидияларды қайта есептеу жүзеге асырылмайды.

      37. Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты осы Қағидалардың 35-тармағында (инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) кредит беру жолымен қаржыландырған кезде) немесе осы Қағидалардың 36-тармағында (инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) жабдықты лизингке беру жолымен қаржыландырған кезде) көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, онда Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты/лизингктік компания 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы (көрсетілетін қызметті берушінің) арнайы шотқа аударған қаражатты толық көлемде қайтарады. Бұл ретте ағымдағы қаржы жылы жүргізілген төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және бюджеттік шығыстар сыныптауышының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіре отырып, жүзеге асырылады. Өткен жылдардағы төлемдер қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемақы жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      38. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институты/лизингктік компания Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге лицензиясы бар қаржы институты немесе қаржы институты жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) инвестициялық субсидия беру туралы оң шешімінің негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдықтарды сатып алуға пайдаланылған кредит/лизинг бойынша инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне аударады.

      39. Инвестициялық субсидиялау мониторингін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау сәтітен бастап 3 (үш) жыл ішінде СМАЖ-да мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:

      1) тоқсан сайын инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) сатып алынған жабдықтарды иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы тұрғысынан;

      2) жылына кемінде 1 (бір) рет субсидияларды аванстық төлеммен арнайы шотқа аудару жөніндегі тетік шеңберінде субсидияланған объектілерді пайдалануға беру (бизнес-жоспарда көрсетілген мерзімдерде), иеліктен шығармауы және мақсатты пайдалануы тұрғысынан;

      3) жылына кемінде 1 (бір) рет негізгі немесе қайталама қызмет түрі тиісті қызметтің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (ЭҚЖЖ) бөлімдеріне жататын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге және (немесе) қайта өңдеуге инвестордың іс-әрекеті/әрекетсіздігі, қызмет түрінің сәйкестігі нысанасына.

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестордан (көрсетілетін қызметті алушыдан) осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген мониторинг шарттарын орындау үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидиялардың игерілгені туралы есепті қалыптастыру үшін сұратылатын ақпараттың тізбесін СМАЖ-ға жолдау арқылы қажетті ақпаратты сұратады.

      Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) сұратылатын ақпарат тізбесін сұрағаны туралы хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) СМАЖ-ға тіркеу кезінде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, СМАЖ-дағы "жеке кабинетке", сондай-ақ хабарламаның тіркелуін қамтамасыз ететін ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша қосымша мәтіндік хабарламамен жіберіледі.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сұратылған ақпаратты СМАЖ-да орналастыру арқылы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынады.

      Инвестордың сұратылған ақпаратты көрсетілген мерзімдерде жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) ұсынбауы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық субсидиялауды тоқтату және төленген инвестициялық субсидияларды қайтаруды талап ету туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.

      Бұл ретте төленген инвестициялық субсидияларды қайтаруды инвестор жүзеге асырады.

      41. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған мониторинг деректері негізіндегі талдауды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тексереді және келіседі.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) сатып алынған жабдықтарды иеліктен шығарған және/немесе мақсатты пайдаланбаған, өндіріс объектісі пайдалануға берілген сәттен бастап күнтізбелік үш жыл ішінде жұмыс істемеген, сондай-ақ инвестор қызметінің негізгі және қосымша түрінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келмейтіндігі анықталған, Салық кодексіне, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Оңалту және банкроттық туралы заңына сәйкес инвесторға қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) кредиттік/лизингтік шарт бойынша міндеттемелерді бұзуына және лизинг нысанасын алып қоюға байланысты кредиттік/лизингтік шартты бұзу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестициялық субсидияларды қайтару туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаражаттың қайтарылуы бойынша сот талқылауына бастамашылық жасайды.

      Инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) кредиттік/лизингтік шарт бойынша міндеттемелерді бұзғандықтан және лизинг нысанасы алып қойылғандықтан кредиттік/лизингтік шарт бұзылған жағдайда, қаржы институты 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) СМАЖ арқылы хабарлайды.

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестициялық субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің себебін көрсете отырып, инвесторды (көрсетілетін қызметті алушыны) жазбаша хабардар етеді.

      Бұл ретте жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ағымдағы қаржы жылында жүргізілген төлемдерді қайтаруды орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және бюджеттік шығыстар жіктеуішінің тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) кассалық шығыстарын қалпына келтіре отырып, жүзеге асырады. Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтарылған сома төлем жүргізілген тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      42. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидияларды игеру туралы есепті СМАЖ арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Инвестициялық салымдар кезінде АШТӨ шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге арналған субсидияларды игеру туралы жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жылдық есебі осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей СМАЖ арқылы су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) СМАЖ арқылы осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген шарттардың мониторингі туралы есеп береді.

      43. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында жобалардың паспорттарын, алынған субсидиялар сомасын көрсете отырып, инвестициялық субсидия алған инвесторлардың (көрсетілетін қызметті алушылардың) тізбесін орналастырады, сондай-ақ жыл сайын мониторинг бойынша есепті орналастырады.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      44. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) жібермейді.

      45. Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші), жергілікті атқарушы орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      46. Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің), жергілікті атқарушы органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағым берген АШТӨ-ні (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

      47. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      __________________________________

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және (немесе) өңдеумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісі үшін негізгі немесе қайталама қызмет түрінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ коды)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінен атауы

1

01.11

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақты және майлы дақылдарды өсіру

2

01.12

Күріш өсіру.

3

01.13

Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

4

01.16

Иіру дақылдарын өсіру

5

01.19

Басқа бір немесе екі жылдық дақылдарды өсіру

6

01.21

Жүзім өсіру

7

01.24

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру.

8

01.25

Өзге де жемістер, жидектер және жаңғақтар өсіру.

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Су алу және беруге арналған инфрақұрылымын құру және кеңейту арқылы су үнемдейтін суару технологияларын енгізу жобасының паспорты

Жоба паспорты

Инвестициялық салымдарды өтеу үлесі – 50%

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының, жабдықтың атауы және техникалық сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Қуат бірлігіне субсидияларды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген құн, теңг

Су алу және беру үшін инфрақұрылым:

гектар


айналмалы және фронтальді жұмыс істейтін жаңбырлатқыш машиналар, стационарлық немесе тез жиналмалы жаңбырлатқыш жүйе (спринклерлік жүйе), сондай-ақ тамшылатып суару жүйесі үшін

800 000

барабан типті жаңбырлатқыш машина үшін

400 000

Фронтальді және айналмалы жұмыс істейтін жаңбырлатқыш машиналар:


50 гектарға дейін қоса алғанда

800 000

50 гектардан астам

600 000

барабан типті


өнімділігі 25 гектардан аспайтын (Қытай Халық Республикасында өндірілгендерді қоспағанда)

700 000

12 гектардан аспайтын модельдер (Қытай Халық Республикасында өндірілгендерді қоспағанда)

200 000

Стационарлық немесе тез жиналмалы жаңбырлатқыш жүйе (спринклерлік жүйе)

600 000

Тамшылатып суару жүйесі

800 000

Ескертпе:

Жобаның құны жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес анықталады (бұдан әрі – ЖСҚ). Бұл ретте ЖСҚ су алу және су беруге арналған инфрақұрылымын құру және кеңейтумен қатар, енгізілетін су үнемдеу технологияларының түрін таңдау бөлімі де көрсетіледі. Жобаларды сараптау түрі жауапкершілік деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10666 тіркелген) Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалады.

Егер инвестициялық жоба жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, жаңбырлатқыш машиналарды, стационарлық немесе тез жиналмалы жаңбырлатқыш жүйені (спринклерлік жүйе), тамшылатып суару жүйесін сатып алуды және монтаждауды ғана көздесе, онда олар сатып алу-сату шарттары (лизинг), жабдықтарды жеткізу және (немесе) монтаждау шарттары, сондай-ақ ілеспе құжаттар (кедендік декларациясы, шот-фактуралар, төлемді растайтын құжаттар) бойынша қуат бірлігіне және жабдық құнының инвестициялық салымдарды өтеу үлесіне арналған субсидияларды есептеу үшін белгіленген жол берілетін ең жоғары құн шегінде ЖСҚ әзірлемей субсидияланады. Сондай-ақ су үнемдеу жабдықтың шығу тегі туралы зауыттық паспорт ұсынылады.

* Жаңбырлатқыш машиналарға мыналар жатады: айналмалы, фронтальді жұмыс істейтін сондай-ақ барабан типті жаңбырлатқыш машиналар.

** Суды алу және беру инфрақұрылымына (оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстары) мыналар жатады: су алу құрылғысы (суды жерүсті су объектілерінен алу кезінде) немесе ұңғыма (суды жерасты суларынан алу кезінде), сорғы станциясы (электр, дизель немесе бензин), магистральдық құбыр немесе канал, тарату желілері, тәуліктік немесе онкүндік реттеу бассейні (қажет болған жағдайда), электр желісі, трансформаторлық қосалқы станция.
Бұл ретте жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым тізбесінің жекелеген объектілері түрлері бойынша субсидиялауға жол беріледі, бұл ретте жекелеген объектілердің түрлері бойынша инфрақұрылым көрсетілген кадастрлық нөмері бойынша 1 (бір) реттен артық субсидияланбайды.

*** Ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе бірлескен шаруашылық қызмет (бұдан әрі – бірлескен қызмет) туралы шарт негізінде әрекет ететін инвестор (қызмет алушы) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтініш берген жағдайда ауыл шаруашылығы кооперативiнiң мүшелерiнде, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларда тiркелген жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң болуын растай отырып, бiрлескен шаруашылық қызмет туралы шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып, субсидия беруге жол беріледі.
Бұл ретте субсидияны есептеу үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінде, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушыларда тіркелген суармалы жерлердің жалпы алаңы есепке алынады.

**** Жерүсті немесе жерасты су объектілерінен тікелей (бастапқы) су алу кезінде объектіні пайдалануға беру актісін аяқтағаннан кейін және алғаннан кейін АШТӨ "Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 тіркелген) бекітілген "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес арнайы су пайдалануға рұқсат алуды, суды алу немесе ағызу жөніндегі құрылыстарда немесе құрылғыларда орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалауды қамтамасыз етеді.
Ал АШТӨ Кодекстің 69-бабына сәйкес қосалқы (қайталама) суармалы су беру қызметтерін алған жағдайда су ұйымдарымен жасалынған келісім-шартты ұсынады.

***** Егер суарылмайтын жерлерге суарылатындай жағдай жасалса, инвестор Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне (суарылмайтын жерлерден суарылатын жерлерге) ауыстыруды қамтамасыз етеді.

****** Тамшылату таспаларын (тамшылату құбырларын) бөлек субсидиялауға жол берілмейді

******* Су үнемдейтін суару технологияларын ендірмей су алу және беру инфрақұрылымы шығындарын өтеуге жол беріледі, бұл ретте АШТӨ инфрақұрылымды енгізу актісіне қол қойылғанкүннен бастап бір жылдың ішінде су үнемдеу технологияларын (технологияның түрін көрсете отырып) енгізуді қамтамасыз етеді.

******** Су үнемдеу жабдыққа арналған шығындарды инфрақұрылымсыз өтеуге жол беріледі, бұл ретте АШТӨ су үнемдеу жабдығын енгізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде инфрақұрылым құруды қамтамасыз етеді.

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім

      Кімге: __________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      Кімнен: _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің

      осы бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік

      кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау

      қағидаларына сәйкес "____________________________________________

      ____________________________________________________________________"

      жобасының паспорты (жоба паспортының толық атауы) бойынша

      _____________________________________ теңге мөлшеріндегі инвестициялық

      субсидия (сома санмен және жазбаша) сомасын төлеуді сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      Атауы ________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _______________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: _________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) бойынша сыныбы

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ________________________________________________________

      кім берді ___________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________

      мекенжайы: __________________________________________________

      телефон нөмірі: _________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша коды) бойынша сыныбы

      2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабардар еткен күні _____________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (инвестор ауыл шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:

Р/с №

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобалардың паспорттарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы туралы талаптар болған жағдайда):

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде егістіктер

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының БСН/ЖСН-сы

1

2

3

4

5

6







      5. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттауы __________________________________________________

      инвестициялар сомасы __________________________________________

      жоба іске асырылатын қаражат көзі ________________________________

      субсидиялардың есептік сомасы __________________________________

      инвестициялық жоба іске асырылатын мекенжайы ____________________

      6. Қаржы институт туралы мәліметтер:

      қаржы институтының атауы _______________________________________

      қаржы институтының инвестициялық субсидияларды аудару шоттарының

      деректемелері көрсетілген анықтамасы __________________________________

      ____________________________________________________________________.

      7. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ________________________

      8. Инвестициялық жобаның Қағидалардың шарттарына сәйкестігі туралы жұмыс органының шешімі _____________________________________________.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісі (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) _______________________.

      10. Сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісі (жабдықтар сатып алу кезінде) _______________________________.

      11. Жаңа не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттары, шот-фактуралар _____________________________________ төлемді растайтын құжаттар.

      12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша) __________________________________________.

      13. Ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілері _____________________________

      14. Кредиттік/лизингтік шарттар (қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда) ___________________________________________________________________

      15. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Мен/Біз инвестор ретінде Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сай екенімізді растаймын.

      Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймыз.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 39-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруға міндеттенемін.

      Осымен Қағидалардың 16-тармағы шеңберінде қосымша қаражат бөлінген жағдайда, инвестициялық субсидиялау сомасын ұлғайтуға келісім беремін.

      Инвестор 20 __ жылғы "__" ________ сағат _____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _______-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Арнайы шотқа аванстық төлем тетігі қолданылатын инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім

      Кімге: ___________________________________________________________

      (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті

      атқарушы органының толық атауы)

      кімнен: __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      № ___ "_________________________________________________________"

      (жоба паспортының толық атауы)

      жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің осы бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі тұрғысынан қарастыруды сұраймын.

      1. Инвестор туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға/филиал, өкілдік үшін:

      атауы ______________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ___________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________

      мекенжайы: _________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша код) бойынша сыныбы

      ____________________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _____________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ______________________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________________

      берілген күні ________________________________________________________

      мекенжайы: _________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрлерінің

      жалпы жіктеуішіне сәйкес код) бойынша сыныбы _________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабардар еткен күн ______________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері (инвестор ауыл шаруашылығы кооперативі болған жағдайда) туралы мәліметтер:

р/с №

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы

Ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН/ЖСН-сы

1

2

3




      4. Жер учаскелері туралы мәліметтер (жобалардың паспорттарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы туралы талаптар болған жағдайда):

р/с №

Кадастрлық нөмірі

Барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының БСН/ЖСН-сы

1

2

3

4

5

6







      5. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер:

      сипаттамасы ____________________________________________________

      инвестициялар сомасы ___________________________________________

      соның есебінен жоба іске асырылатын қаражат көзі ___________________

      субсидиялардың есептік сомасы ___________________________________

      инвестициялық жобаны іске асыру мекенжайы _______________________.

      6. Тиесілі субсидияның алдын ала есептемесі ________________________.

      7. Су алу және жеткізу үшін жаңа инфрақұрылым құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстар туралы ақпарат _____________________________________________.

      8. Инвестордың субсидиялар алу ниеті туралы қаржы институтының хабарламасы (жобаны тартылған қаражат (кредит/лизинг) есебінен іске асыру кезінде) _____________________________________________________________.

      9. Қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімі ________________.

      10. Жобаның толтырылған паспорты қоса беріледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Маған/бізге қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсімдерінің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймыз.

      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, сондай-ақ Қағидалардың 39-тармағының талаптары орындалмаған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз түрде алынған ақшаны қайтаруға міндеттенемін.

      Инвестор 20__ жылғы "__" ________ сағат ____-де қол қойып, жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Жұмыс органы 20__ жылғы "__" _____ сағат _____-де қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

20__ жылғы "___" __________ № ___ инвестордың объектісін қарап-тексеру актісі

      ______________________________________________________________

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атауы

      Инвестордың атауы: ____________________________________________

      Жоба паспортының атауы: _______________________________________

      Объектінің орналасқан жері: _____________________________________

      Мынадай құрамдағы:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      20__ жылғы _______ № _____________________________ негізінде құрылған мамандар тобы объектіні қарап-тексеруі барысында мыналарды анықтады:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қарап-тексерудің тұжырымдары: _________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қарап-тексеруді жүзеге асырған адамдардың қолтаңбалары:

      1. ________________________________________ ___________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      2. ________________________________

      Инвестордың (инвестор өкілінің) қолтаңбасы: ______________________

      (________ № ___ сенімхат)

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде мамандар тобы мүшесінің қолжетімділігін шектеу туралы хабарлама

_________________ қала


20 жылғы "___" _______

      Мен, жұмыс органының басшысы _________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс органының атауы және басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      _____________________________________________________ құжаты негізінде

      (демалысты ұсыну немесе іссапарға жіберу немесе жұмыстан босату туралы

      бұйрық/уақытша еңбекке жарамсыздық парағы*)

      төмендегілер туралы осы 20__жылғы "___" _______ № ______ актіні жасадым:

      Мамандар тобының мүшесі _______________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________ дан ___________ дейін кезеңге қол жеткізуге шектеу қойылады.

      (күні мен уақыты)

      Осы актінің мазмұнын жеке қолтаңбалармен растаймыз:

      1. _____________________________________________________________

      (инвестициялық субсидиялауды іске асыруға жауапты жұмыс органы жұмыскерінің

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні мен уақыты, электрондық цифрлық

      қолтаңбасы)

      2. _____________________________________________________________

      (мамандар тобы мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      (күні мен уақыты, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша

"Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

3

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

14 (он төрт) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішанара автоматтандырылған).

6

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қол қойған инвестициялық субсидиялау шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

7

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектісінің жұмыс кестесі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Пайдалануға тапсырылған инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған жабдықтар бойынша көрсетілетін қызметті алушы "PDF (Portable Document Format)" форматында өтінімде көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық өтінімді (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) береді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы "PDF (Portable Document Format)" форматында (көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылған және мөрімен (бар болса) расталған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі), көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, осы Қағидаларға 3-қосымшаcына сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға электрондық өтінімін береді.
Өтінімге мынадай растаушы, құқық белгілеуші және (немесе) тіркеу құжаттары қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысанына (бұдан әрі – объектіні пайдалануға қабылдау актісі нысаны) сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің көшірмелері;
2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);
3) жаңа өндірістік қуаттар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық және/немесе қағаз түріндегі шот-фактуралардың (қаржы лизингіне сатып алынған тауарларды қоспағанда), төленген төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);
5) жабдықтарды қабылдау-беру актілерінің көшірмелері;
6) инвестициялық салымдар қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;
7) ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі (ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған АӨК cубъектілері үшін);
8) Жерүсті немесе жерасты көздерінен суды тікелей (бастапқы) алған жағдайда "Су қорын пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21194 тіркелген) бекітілген "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес алынған арнайы су пайдалануға рұқсаттың көшірмесі.
АШТӨ Кодекстің 69-бабына сәйкес қосалқы (қайталама) суармалы су беру қызметтерін алған жағдайда су ұйымдарымен жасалынған келісім-шартты ұсынады.
Егер суарылмайтын жерлерге суарылатындай жағдай жасалса, инвестор Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 98-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне (суарылмайтын егістіктен суарылатын егістікке) ауыстыруды қамтамасыз етеді.
9) инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) өз қаражатын пайдаланған жағдайда инвестициялық субсидияларды аудару үшін инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) шотының деректемесін көрсете отырып, инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ағымдағы шоты ашылған қаржы институтының анықтамасы;
10) инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) негізгі борышын өтеу есебіне инвестициялық субсидияларды аудару үшін қаржы институты шотының деректемесін көрсете отырып, қаржы институтының анықтамасы.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы хабарлама

      Құрметті _______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Сізді __________________________________________________________

      (жоба паспортының толық атауы)

      жобасының паспорты бойынша инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің осы бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі жөніндегі жұмыс органының шешімі туралы хабардар етеміз.

      Сұрақтар туындаған жағдайда

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (жұмыс органы)

      жүгінуіңізді сұраймыз.

      Орындаушы: __________________________________________ _________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)       (қолы)

      Байланыс телефондары: __________________________________________

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жобаның паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабарлама

      Құрметті ______________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Сізді __________________________________________________________

      (жоба паспортының толық атауы)

      жобасының паспорты бойынша жұмыс органының инвестициялық субсидияны төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабардар етеміз.

      ____________________________________________________________________

      Бас тарту себебі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда _____________________________________

      ____________________________________________________________________

                              (жұмыс органы)

      жүгінуіңізді сұраймыз.

      Орындаушы: ________________________________________ ___________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)

      Байланыс телефондары: __________________________________________

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
10-қосымша

№__ инвестициялық субсидиялау шарты

_________ қаласы

20___ жылғы "___" _______

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын "______________________" мемлекеттік мекемесінің атынан "_____________________________" мемлекеттік мекемесі туралы ереже негізінде әрекет ететін басқарма басшысы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам) ___________________ бір тараптан және бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын, __________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін _____________________, бірге Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп жоғарыда көрсетілгендей аталатындар төмендегілер туралы осы Инвестициялық субсидиялау шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Шартты жасауға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің осы бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары);

      2) Жұмыс органының 20 __ жылғы ______________ №___ шешімі.

2-тарау. Терминдер мен айқындамалар

      2. Осы шартта Субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

3-тарау. Шарттың мәні

      3.1 Осы Шарттың талаптары бойынша Жұмыс органы Инвестор шығыстарының бір бөлігін инвестициялық субсидиялауды мынадай шарттармен жүзеге асырады:

Жобаның паспорты (Субсидиялау қағидаларына сәйкес)


Инвестициялық жоба жөніндегі инвестордың инвестициялық салымдарының жалпы мөлшері


Инвестициялық субсидиялардың мөлшері


Жұмыс органы шешімінің нөмірі


Жұмыс органы шешімінің күні


Қаржы институтымен жасалған кредиттік шарттың/ қаржы лизингі шартының (қарыз қаражаты тартылған жағдайда) нөмірі мен күні


      3.2 Инвестициялық субсидиялау тиісті қаржы жылына _________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі.

4-тарау. Инвесторға қаражат аудару тәртібі мен шарттары

      4.1 ________ (_______) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидия сомасын Жұмыс органы Инвестордың өз қаражатын пайдаланған кезде Инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) есептік шотына немесе Жұмыс органы қаржы институтына жабдықтарды кредит/лизингке сатып алған кезде Инвестордың негізгі борышын өтеу есебіне аударады.

      4.2 Инвестициялық субсидиялау мерзімін санау осы Шарттың күшіне енген сәтінен бастап басталады.

      4.3 Тараптар осы Шарт шеңберінде, егер төлем күні жұмыс емес күнге немесе мереке күнге сәйкес келсе, төлем олардан кейінгі жұмыс күні жүргізіледі деп келісті.

      4.4 Инвестициялық субсидия Инвесторға Субсидиялау қағидаларында көрсетілген жоба паспортына сәйкес төленеді.

      4.5 Инвестициялық субсидиялар Инвестордың жаңа, бұрын қолданылмаған жабдықтарды сатып алуға арналған инвестициялық салымдары бойынша төленеді.

      4.6. Барлық операциялар ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5.1 Инвестор:

      Субсидиялау қағидаларының шарттарын уақтылы және толық көлемде орындауға;

      Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      осы Шартты орындауға байланысты құжаттар мен ақпаратты Жұмыс органының сұратуы бойынша уақтылы ұсынуға;

      Жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру және өндірістік қуаттылықтардың жүктелгеніне көз жеткізу үшін рұқсат беруге;

      өзіне қатысты жою, оңалту немесе банкроттық рәсім басталған жағдайда, сондай-ақ, егер Инвестордың қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уақытша тоқтатылған жағдайда, Жұмыс органын жазбаша түрде дереу хабардар етуге;

      осы Шарттың талаптары мен оны іске асыру жөніндегі ақпаратты үшінші тұлғаларға Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз бермеуге және ашпауға;

      Жұмыс органын осы Шарттың талаптарын орындауға әсер ететін барлық мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.

      5.2 Жұмыс органы:

      - Инвестордан инвестициялық жоба мен осы Шартты іске асыру барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

      5.3 Жұмыс органы:

      Осы Шарттың 3.1-тармағында көрсетілген инвестициялық субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуға;

      Қағидалардың 39-тармағына сәйкес мониторинг жүргізуге міндетті.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1 Осы Шарт бойынша Тараптар Шартқа, Субсидиялау қағидаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік артады.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      7.1 Осы Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін әрекет етеді.

8-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      8.1 Тараптар, егер орындай алмау еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан болса, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8.2 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуынан Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындай алмаса, басталу сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты осындай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      8.3 Уақтылы хабарламаған жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      8.4 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталуы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімін ұлғайтуға алып келеді.

      8.5 Егер осындай жағдайлар қатарынан үш ай бойы жалғасатын болса, онда кез келген Тарап осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

9-тарау. Дауларды шешу

      9.1 Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.

      9.2 Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар осы Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.

10-тарау. Хат-хабар алмасу

      10.1 Осы Шарт шеңберінде Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хат-хабарлары жазбаша түрде беріледі және қарау үшін тапсыру туралы белгісі бар хат-хабар Тараптар алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралады.

      10.2 Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе тиісті түрде рәсімделген болып саналады), қолға табысталса, почта арқылы жеткізілсе (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

11-тарау. Құпиялылық

      11.1 Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және олар осы Шартты жасасу және орындау кезінде алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта, Субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.

      11.2 Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартпен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тікелей көзделген жағдайда ғана мүмкін болады.

      11.3 Тараптар осы Шарттың болуы мен талаптарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етпейді не үшінші тұлғаларға бермейді.

      11.4 Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделгендей жауапкершілікте болады.

      11.5 Инвестор осы Шартқа қол қоюмен Жұмыс органының бұқаралық ақпарат құралдарында Инвестор туралы мәліметтерді орналастыруына, сондай-ақ, осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған кез келген мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуіне келісім береді.

12-тарау. Мәлімдеулер, кепілдіктер және келісім берулер

      12.1 Инвестор мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:

      Инвестор осы Шартта көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктер шынайы және шындыққа сәйкес келетінін растайды;

      Жұмыс органы көрсетілген мәлімдеулер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      12.2 Инвестор:

      Инвесторға оның бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтері мен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін қандай да болмасын мән-жайлардың мәлім емес екендігін мәлімдейді және оған кепілдік береді;

      сондай-ақ Инвестор оның құзыреті осы Шартқа қол қоятын адамға осы Шартты жасасуға мүмкіндік беретінін растайды.

      12.3 Инвестор осы Шартты жасасу кезінде осы Шартты бұзуға себеп болатын, оны жарамсыз деп танитын негіздердің жоқтығын растайды.

      12.4 Инвестор барлық ақпарат, сондай-ақ берілген (ұсынылған) барлық құжаттама дәл және шындыққа сай екенін мәлімдейді және растайды.

13-тарау. Қорытынды ережелер

      13.1 Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.

      13.2 Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

14-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары

Жұмыс органы

Инвестор





  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
11-қосымша

№___ сатып алынатын жабдықты мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісім

______ қаласы

20__ жылғы "__" _______

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын Қазақстан Республикасы _______________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ______________ _______________________ басқармасы атынан ___________ № ______ _______ (атауы) негізінде әрекет ететін ____________________ басшы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам) бір тараптан және бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын _________________________ атынан ___________________________ негізінде әрекет ететін ______________________ екінші тараптан, бірлесіп Тараптар, ал жеке-жеке жоғарыда көрсетілгендей Тарап деп аталатындар, субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде төмендегілер туралы осы Сатып алынатын жабдықты мақсатты пайдалану және иеліктен шығармау туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1-тарау. Келісімнің нысанасы мен мақсаты

      1.1 Осымен Инвестор өзіне жабдықты қатаң түрде нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және иеліктен шығармау, сондай-ақ субсидияланған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде мақсатты пайдаланбағаны үшін жауапкершілікте болу міндеттемесін алады.

      1.2 Осы Келісім шеңберінде қандай да бір қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының Су Кодексі үлкен күшке ие болады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      2.1 Инвестор:

      Келісім бойынша өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      Жұмыс органының сұранымы бойынша осы Келісімді орындаумен байланысты құжаттар мен ақпаратты тез арада беруге;

      Жұмыс органына Инвестордың объектісін қарап-тексеру үшін қолжетімділік беруге;

      Қағидалардың 40-тармағына сәйкес ақпарат беруге;

      осы Келісімнің шарттары мен іске асырылуы туралы ақпаратты Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға;

      Келісімнің 1.1-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жабдықты иеліктен шығармауға міндетті.

      2.2 Жұмыс органы:

      Инвестордан инвестициялық жоба мен осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға құқылы.

3-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі

      3.1 Осы Келісім Тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 3 (үш) жыл бойы, ал орындалмаған міндеттемелер бөлігінде олар толық орындалғанға дейін қолданыста болады.

4-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      4.1 Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан орындау мүмкін болмаған жағдайда, осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      4.2 Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.

      4.3 Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      4.4 Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы осы Келісімнің орындалу мерзімінің олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтылуына алып келеді.

      4.5 Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Келісім бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      5.1 Хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почтамен (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

      5.2 Егер осы Келісімде өзгеше көзделмесе, осы Келісімнің шарттарын, оның ішінде осы Келісімнің қолданылу мерзімін кез келген өзгерту, тоқтату Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын қосымша келісімдермен ресімделеді.

      5.3 Осы Келісім бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық келіспеушіліктер немесе даулар тікелей келіссөздер процесінде шешіледі. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар осы Келісім бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

      5.4 Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер 20___ жылғы ___________ №____ Инвестициялық субсидиялау шартымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      5.5 Осы Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

6-тарау. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолтаңбалары

Инвестор:

Жұмыс органы:





  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

Инвестициялық субсидиялау шартына өзгерістер енгізу туралы хабарлама

      Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі –

      Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші)): __________________________

      ____________________________________________________________________

                  (жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) атауы)

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН):

      ____________________________________________________________________

                  (жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) БСН-сы)

      Инвестор: _______________________________________________________

                                    (инвестордың атауы)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/БСН: ___________________

      _____________________________________________________________________

                        (инвестордың ЖСН-сы / БСН-сы)

      Субсидиялау шарты: ________________ жылғы _________ № ___________

                              (деректемелер)

      Осымен инвестор ________________________________________________

                              (инвестордың атауы)

      атынан _________________________________________________________,

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің осы бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 31-тармағы шеңберінде бұрын инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасына қатысуға мақұлданған ______________________ Инвестициялық субсидиялау шарты бойынша

      (деректемелер)

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнің 235-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________________

      мүлігі бойынша (бастапқы инвестордың атауы және БСН/ЖСН)

      __________________________________________ мұрагерлікті иеленуіне

      (жаңа инвестордың атауы және БСН/ЖСН) байланысты инвесторды ауыстыру қажеттілігін хабарлайды.

      Осыған байланысты, субсидиялау шартына инвестор деректерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуді сұраймыз. Бұл ретте, субсидиялау шарттары жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) инвестициялық субсидиялау өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен басталған кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасы ұлғайтылмай, бұрынғы шарттарда сақталатынын растаймыз.

      Хабарлама шешім қабылдау үшін қарауға жіберіледі.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді ұсынғанымыз үшін жауапкершілік туралы хабардармыз және қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) келісуімен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім береміз.

      Инвестор: 202___ жылғы 01.01. 00:00:00 қол қойылды;

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер:

      Атауы: ____________ "________________" (ұйымдық нысаны және атауы)

      БСН: _________________

      Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі________________

      E-mail: ___________@___

      ЭЦҚ-ны берген: ҰЛТТЫҚ КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ (GOST)

      Сертификаттың қолданылу мерзімі:

      202__ жылғы ___.____. 00:00:00 – 202___жылғы ___.___. 00:00:00

  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
13-қосымша

      Нысан

Банк операцияларын жүргізуге қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар қаржы институтының арнайы шоттағы инвестициялық субсидияны пайдаланбауы туралы №___ шарт пен келісім

_______ қаласы

20___ жылғы "__" _______

      Бұдан әрі "Қаржы институты" деп аталатын __________________________ бір тараптан, бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын _____________________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) _______________ __________________________________________________________ басқармасы (атауы) мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік мекеме туралы ереже негізінде әрекет ететін басшысы (немесе бұйрық негізінде оны алмастыратын адам) ___________________ екінші тараптан, бұдан әрі "Инвестор" деп аталатын ____________________________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін ______________________ үшінші тараптан, бірлесіп Тараптар деп, ал жеке-жеке Тарап деп аталатындар төмендегілер туралы осы Қаржы институтының арнайы шоттағы ақшаны пайдаланбауы туралы шарт пен келісімді (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Шартты жасасуға мыналар негіз болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының Су Кодексі;

      2) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің осы бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары);

      3) Инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі жұмыс органының шешімі (20___ жылғы ______________ № ___).

2-тарау. Терминдер мен анықтаулар

      2.1. Осы шартта Субсидиялау қағидаларында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

3-тарау. Шарттың мәні

      3.1. Қаржы институты арнайы шоттағы қаражатты Жұмыс органы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген шарттарға сәйкес инвестициялық субсидиялар төлеу туралы шешім қабылдағанға дейін пайдаланбайды.

      3.2. Арнайы шотқа инвестициялық субсидиялар алу үшін инвестор Субсидиялау қағидаларында көрсетілген құжаттармен бірге, қаржы институты кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты куәландырған көшірмесін, қаржы институтымен жасалынған кредиттік шартты/лизинг шартын қосымша береді.

4-тарау. Инвестициялық субсидияларды аудару тәртібі мен шарттары

      4.1. _______________ (_____________) теңге мөлшеріндегі инвестициялық субсидиялар сомасын Жұмыс органы аванстық төлеммен қаржы институтының арнайы шотына аударады.

      Қаржы институтының арнайы шотының деректемелері: ____________________________________________________________________

      4.2. Барлық операциялар ұлттық валюта – теңгемен жасалады.

5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5.1. Қаржы институты арнайы шотқа қаражат келіп түскен күнннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кредиттік шартта (Қаржы институты мен Инвестор арасында жасалған) көзделген қаражатты, егер инвестор мен қаржы институты арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жабдық сатушының шотына аударады және Жұмыс органына растайтын құжаттарды береді.

      5.2. Қаржы институты Субсидиялау қағидаларында көзделген шарттарды орындамаған жағдайда, қаржы институты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органы арнайы шотқа аванстық төлеммен аударған қаражаттың орнын толық көлемде қайтарады.

      5.3. Бұл ретте, ағымдағы қаржы жылында жасалған төлемдерді қайтару орындалмаған міндеттемелер сомасын ұлғайту және шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша кассалық шығыстарды азайту жолымен Жұмыс органының кассалық шығыстарын қайтару арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылдардың төлемдері қайтарылған жағдайда, қайтару сомасы төлемдер жасалған тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      5.4. Арнайы шотқа аударылған қаражатты қаржы институты Жұмыс органының инвесторға инвестициялық субсидиялар беру туралы оң шешімінің негізінде инвестициялық жоба шеңберінде жабдық сатып алуға пайдаланылған инвестордың кредит/лизинг бойынша негізгі борышын өтеу шотына аударады.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6.1. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы Шарт бойынша жауапкершілікте болады.

7-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі

      7.1. Осы Шарт қол қойылған сәтінен бастап күшіне енеді және Тараптар Субсидиялау қағидаларына сәйкес өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін қолданыста болады.

8-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары

      8.1. Тараптар еңсерілмейтін күштің мән-жайлары салдарынан осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындамағаны, не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      8.2. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты мұндай мән-жайлар туралы уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, қолданылу кезеңі, туындау фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      8.3. Уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Тараптар екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

      8.4. Еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындауы олардың әрекет ету кезеңіне осы Шарттың орындалу мерзімінің ұлғайтылуына алып келеді.

      8.5. Егер мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

9-тарау. Дауларды шешу

      9.1. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде Шарт бойынша немесе оған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсаулары тиіс.

      9.2. Егер мұндай келіссөздерден кейін Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселенің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешілуін талап ете алады.

10-тарау. Хат-хабар алмасу

      10.1. Осы Шарт шеңберінде Тараптар бір-біріне жөнелтетін кез келген хат-хабар жазбаша нысанда ұсынылады және Тараптар тапсырылғаны туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қаралады.

      10.2. Хат-хабар тиісті түрде рәсімделген жағдайда (хат-хабар бланкіде ұсынылса немесе мөрмен (бар болса) куәландырылса, басшының қолы қойылса және тіркеу нөмірі, күні көрсетілсе, тиісті түрде рәсімделген болып саналады), қолға табысталса, почта арқылы жеткізілсе (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, тиісті түрде ұсынылған немесе жіберілген болып саналады.

11-тарау. Құпиялылық

      11.1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және осы Шартты жасасу және орындау кезінде олар алған өзге де ақпарат құпия болып табылатынымен және осы Шартта, Субсидиялау қағидаларында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайтынымен келіседі.

      11.2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзге де жария етуі осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады.

      11.3. Тараптар осы Шарттың талаптар мен құпиялылығын сақтау үшін құқықтық сипаттағы шаралармен қоса барлық қажетті шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

      11.4. Қандай да бір Тарап осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан екінші Тарапқа келтірілген зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей жауапкершілікте болады.

      11.5. Инвестор осы Шартқа қол қоя отырып, Жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) бұқаралық ақпарат құралдарында Инвестор туралы мәліметтерді орналастыруына, сондай-ақ, осы Шарт аясында Инвестор туралы алынған кез келген мәліметті (оның ішінде банктік құпияны) Инвестордың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуіне келісім береді.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      12.1. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы тиіс. Тараптар үшін тек Тараптардың келісімімен жазбаша түрде жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.

      12.2. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан 3 (үш) данада жасалды.

      13. Заңды мекенжайлар және банктік деректемелер

Жұмыс органы:

Қаржы институты:

Инвестор:




  Суарудың су үнемдейтін
технологияларын енгізуге
бағытталған инвестициялық
салымдар кезінде ауыл
шаруашылығы тауарын
өндiрушiнің шеккен
шығыстарының бір бөлігін өтеу
жөніндегі субсидиялау
қағидаларына
14-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы:

Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялардың игерілуі туралы есеп

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): №1-ИССҮТ нысаны

      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

      Есепті кезең 20__ жылғы _______________ тоқсан, 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың оныншы қаңтарына дейін;

      ЖСН/БСН


      Жинау әдісі (қағаз жеткізгіште, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз жеткізгішті пайдалана отырып интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде): электронды түрде

р/с №

Инвестордың атауы

Инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Жоба параметрлері

Жоба паспортының атауы

Өндірістік көрсеткіштер (өндірістік қуат)

ағымдағы

жобалық қуатқа шыққан кездегі

заттай мәнде, тонна

құндық мәнде, мың теңге

заттай мәнде, тонна

құндық мәнде, мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

















      кестенің жалғасы

Тұрақты жұмыс орындарының саны

Жобаның жалпы құны, мың теңге

Өтеу үлесі, пайыз

Төленген субсидиялар сомасы, мың теңге

Пайдалануға берілген күні, күні/айы/жылы

Жұмыс органы шешімінің күні және нөмірі, күні/айы/жылы

барлығы

оның ішінде субсидиялауға жататыны

9

10

11

12

13

14

15















      Атауы _________________________________________________________

      Мекенжайы ____________________________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық почтасының мекенжайы ______________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ________________________

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)

      Бірінші басшы-төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының

      әкімшісі ____________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, қолы)

      Мөрге арналған орын

      ___________________________

      Есеп тапсырылған күн 20 ___ жылғы "___" __________

Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялардың игерілуі туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған "Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялардың игерілуі туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі толтырады.

      3. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

      4. Нысанды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың оныншы қаңтарына дейін ұсынады.

      5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі.

      7. 2-бағанда инвестордың атауы көрсетіледі.

      8. 3-бағанда инвестордың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. 4-бағанда Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің осы бұйрығымен бекітілген Суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2, 3-қосымшаларға сәйкес жоба паспортының атауы көрсетіледі.

      10. 5, 6, 7, 8-бағандарда инвестордан алынған ақпараттар және заттай және құндық мәнде өндірілген өнімдерді түрлері бойынша өткізуді растайтын бастапқы құжаттар негізінде кәсіпорынның өндірістік қуаты көрсетіледі.

      11. 9-бағанда тұрақты жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      12. 10, 11-бағандарда жобаның жалпы құны, оның ішінде субсидиялауға жататыны көрсетіледі.

      13. 12-бағанда инвестициялық жобаның паспортына сәйкес өтеу үлесі көрсетіледі.

      14. 13-бағанда төленген субсидиялар сомасы көрсетіледі.

      15. 14-бағанда инвестициялық жобаны пайдалануға енгізу күні көрсетіледі.

      16. 15-бағанда жұмыс органы шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі.

      __________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады