"Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 маусымда № 36207 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Педагог" кәсіптік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31149 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады