БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 17075 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарын сақтауына мониторинг нәтижелері бойынша келісімшарттар және (немесе) лицензиялар шарттарының бұзылуын анықтау жер қойнауын пайдаланушыға анықталған бұзушылықты жою туралы хабарламаны жіберу үшін негіздеме болып табылады.
Анықталған бұзушылықты жою туралы хабарлама "Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ЖҚПБП) автоматты түрде қалыптастырылады.
Құзыретті орган (келісімшарттың тарапы болып табылатын және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды берген мемлекеттік орган) бұзушылықты жою туралы хабарлама автоматты түрде қалыптастырылғаннан кейін анықталған бұзушылықты жою туралы хабарлама ЖҚПБП ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдаланушыларға жіберіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |