"Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 маусымда № 36202 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 444 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18952 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      18-тармақ алып тасталсын;

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Техникалық және сервистік қызметке жылжымалы құрамды тексеру, жылжымалы құрамды ҚР ТПҚ талаптарына сәйкес техникалық жарамды жағдайда ұстау үшін қажетті материалдық, зияткерлік, ғылыми құралдарды пайдаланып, міндетті түрде мерзімдік жүргізуді сақтай отырып, жоспарлы және жоспардан тыс қызмет көрсету кіреді.".

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады