БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларында:
6-тармағының 4) тармақшасы:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалық құжаттамалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалау құжаттамалары;";
12-тармақтың 4) тармақшасы:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалау құжаттамалары.".
2. "Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23918 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларында:
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кодекстің 87-бабына және 418-бабының 2-тармағына сәйкес келесі объектілер міндетті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады:";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобалары;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған көршілес мемлекеттердің қоршаған ортасына әсер етуі мүмкін немесе оларды іске асыру үшін көршілес мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалану қажет болатын немесе көрші мемлекеттердің, оның ішінде "Байқоңыр" кешенінің мүдделеріне әсер ететін шаруашылық қызмет жобалары.
Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізудің тәртібі мен механизмі "Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33645 болып тіркелген) бекітілген Тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктері құлайтын аудандарда қоршаған ортаға әсерді бағалау әдістемесі бойынша айқындалады;";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қоғамдық тыңдаулар "Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың оң нәтижесі осы Қағидаларға 3 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру болып табылады. Қорытындыда "келіседі" деген тұжырым көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттама Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген, дәлелді ескертулер жойылмаған жағдайда, сондай-ақ Қағидаларға 5 және 6-қосымшалардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысы шығарылады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырудың нәтижесі "мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады" деген тұжырыммен мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.";
төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда және (немесе) Қағидаларға 5-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "қабылдаудан бас тартады" деген тұжырыммен дәлелді ескертулерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол 1-көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі;";
он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" 1-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
1-көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы мынадай құжаттарды жібереді:
ескертулер болмаған жағдайда, "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы;
ұсынылған құжаттардың мазмұны бойынша дәлелді ескертулер болған жағдайда, пысықтау үшін жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде 1-көрсетілетін қызметті берушіге пысықталған құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді ескертулерді жойған жағдайда, 1-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде "келісіледі" деген тұжырыммен мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын дайындайды;";
19-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда және (немесе) Қағидаларға 6-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "қабылдаудан бас тартады" деген тұжырыммен дәлелді ескертулерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды;
2-көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында алады;";
20-тармақтың бесінші, алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда және (немесе) Қағидаларға 6-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, 2-көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы "қабылдаудан бас тартады" деген тұжырыммен дәлелді ескертулерді көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды дайындайды;
2-көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 2-көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тартуды порталдағы жеке кабинетте электрондық құжат нысанында алады;";
23-тармақ мынадай редакцияда абзацпен толықтырылсын:
"Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Қағидаларға 3, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 142 бұйрығына 1-қосымша |
|
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
Кімге: _____________________ (өтініш берушінің толық атауы) |
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
_____________________________________________________________
(жобалау құжаттамасының атауы)
Материалдар әзірленді_______________________________________________
(әзірлеуші-жобалау ұйымының толық атауы)
Жоба материалдарының тапсырыс берушісі____________________________
(тапсырыс беруші-ұйымның толық атауы)
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына мыналар ұсынылды:
_________________________________________________________________
(жобалау құжаттамасының атауы, ұсынылған материалдардың, басқа
құжаттардың жиынтықтылығын аудару)
Материалдар қарауға келіп түсті "___" ___ 20__ жылы № __________
(Кірісті тіркеу күні, нөмірі)
Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат ____________________________
Жалпы мәліметтер:
Сараптама объектісі орналасқан ауданның физикалық-географиялық жағдайларының, қоршаған ортаның фондық жай-күйінің, негізгі техникалық, технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін технологиялық процестің сипаттамасы, қазіргі заманғы технологиялардың үздік аналогтарымен салыстырғанда балама нұсқаларды қарау.
Ескерту: нормативтік құқықтық актілерге қатысты мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде "Жалпы мәліметтер" бөлімінің ережелері аталған сараптама объектісі түріне қолданылмайтындығына байланысты толтырылмайды.
Тұжырым. Мемлекеттік экологиялық сараптама (жобалау құжаттамасының атауы) келіседі".
_______________________
(қолы)
____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 5-қосымша |
"Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері. |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық түрдегі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер |
1) ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімі өткендігін анықтау; |
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 6-қосымша |
"Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
Портал –жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды түрдегі III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімі өткендігін анықтау; |
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 142 бұйрығына 2-қосымша |
|
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсат негізінде пайдаланылатын I санаттағы объектінің эмиссиялар нормативтерінің жобаларына, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінімге түсіндірме жазба
Кімге: ______________________ (мемлекеттік органның толық атауы) Кімнен: ____________________ (өтініш берушінің толық атауы) Мекен-жайы ________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон, e-mail) Өтініш берушінің деректемелері _______________________ (ЗТ / ЖК БСН, ЖСН мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің №) Кәсіпорынның атауы |
|
____________________________ (құрамында объект бар) |
Түсіндірме жазба
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(жобаның толық атауын көрсету)
Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Материалдарда құпия ақпарат жоқ.
Объект туралы жалпы мәліметтер.
1-кесте. Объекттің сипаттамасы
1 | Объекттің атауы | ||
2 | Объекттің (кәсіпорынның) мекенжайы | ||
3 | Қызмет түрі | ||
4 | Объектінің күйі | жаңа (реконструкцияланатын) объект | |
қолданыстағы | |||
пайдаланудан толық шығару | |||
5 | Қолданыстағы кешенді экологиялық рұқсаттың берілген күні және нөмірі | ||
6 | 2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсаттың берілуіне негіз болған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының берілген күні мен нөмірі | ||
7 | Трансшекаралық ластануды есепке алу | (иә/жоқ) | |
8 | Объектінің және қызмет түрінің (түрлерінің) қысқаша сипаттамасы | ||
9 | Өзгерістердің сипаттамасы | ||
10 | Ең үздік қолжетімді техникаларға көшу бағдарламасының орындалған іс-шаралары бойынша ақпарат |
Ескертпе:
3-жол – Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 2-қосымшасының 1-бөліміне сәйкес объект көрсетіледі. Кәсіпорында I санаттағы басқа объектілер болған жағдайда объект қызметтің негізгі түріне сәйкес көрсетіледі.
4-жол – өтініштің қажетті түрі "X" белгісімен белгіленеді.
7-жол – басқа елдің қоршаған ортасына елеулі теріс әсерді есепке алу қажеттігі көрсетіледі.
8-жол – 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін кешенді экологиялық рұқсат берілген объектінің және оның негізгі технологиялық бөліктерін және меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде пайдаланылатын бір өнеркәсіптік алаңда немесе іргелес учаскелерде орналасқан онымен байланысты қызмет түрлерін қоса алғанда, тұтастай алғанда өндірістік процестің қысқаша сипаттамасы беріледі.
9-жол – объект бойынша жоспарланған өзгерістер, эмиссиялардың жалпы нормативтерін және қалдықтарды көму лимиттерін түзету және өзгерту себептері көрсетіледі.
10-жол – ең үздік қолжетімді технологияларға көшу бағдарламасының орындалған іс-шаралары бойынша, сондай-ақ себептерін көрсете отырып, орындалмаған іс-шаралар бойынша ақпарат беріледі.
Өндірістік объектінің қоршаған ортасын ластау көздері орналасқан өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері туралы деректер:
2-кесте. Өнеркәсіптік алаңдардың орналасқан жері туралы деректер
Өнеркәсіптік алаң нөмірі | Өнеркәсіптік алаң атауы | Облыс | Аудан, елді мекен | Координаттары, градус, минут, секунд | Алып жатқан аумағы, гектар | |
ендік | бойлық | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Сұратылатын эмиссиялар және экологиялық әсер:
3-кесте. Ластағыш заттар шығарындыларының нормативтері
Заттардың атаулары | Ластағыш заттар шығарындыларының нормативтік көлемі | Атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларының сұратылатын нормативтері | Өтінім берудің алдындағы 3 жылдағы нақты шығарындылар | |||
т/сек | т/жыл | г/сек | т/жыл | г/сек | т/жыл | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Барлығы, | ||||||
1-алаң | ||||||
оның ішінде ингредиенттер бойынша: | ||||||
Жалпы | ||||||
2-алаң | ||||||
оның ішінде ингредиенттер бойынша: | ||||||
Жалпы: | ||||||
Барлығы: |
Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы: г/сек - секундына грамм; т/жыл – жылына тонна.
4-кесте. Ластағыш заттарды төгу нормативтері
Шығарынды нөмірі | Көрсеткіштің атауы | Ластағыш заттар төгінділерінің сұратылатын нормативтері | |||||||||
20__ жылға | 20___ жылға | ||||||||||
Ағынды сулардың шығыны | Шығарындыға рұқсат етілген концентрация, мг/дм3 | Төгінді | Ағынды сулардың шығыны | Шығарылымға рұқсат етілген концентрация, мг/дм3 | Төгінді | ||||||
м3/с | мың м3/жыл | г/с | т/жыл | м3/с | мың м3/жыл | г/с | т/жыл | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | |||||||||||
Жалпы | |||||||||||
2 | |||||||||||
Жалпы | |||||||||||
Барлығы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: м3/с – сағатына текше метр; м3/жыл – жылына текше метр; мг/дм3- текше дециметрге миллиграмм; г/с – сағатына грамм; т/жыл – тонна жылына.
5-кесте. Қалдықтарды жинақтау лимиттері
№ | Қалдықтардың атауы | Қалдықтардың пайда болу көлемі, т/ жыл | Қолданыстағы жағдайға жинақталған қалдықтардың көлемі, т/жыл | Қайта пайдалануға, қайта өңдеуге жататын көлем, т/жыл | Бөгде ұйымдарға беруге жататын көлем, т/жыл | Қалдықтардың жинақтау орны | Қалдықтардың жинақтау лимиттері, т/жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Барлығы, олардың ішінде алаңдар бойынша: | ||||||
2 | 1-алаң | ||||||
3 | Оның ішінде түрлері бойынша: | ||||||
4 | Қауіпті қалдықтар | ||||||
5 | Қауіпті емес қалдықтар | ||||||
6 | Айналы қалдықтар | ||||||
7 | жалпы | ||||||
8 | 2-алаң | ||||||
9 | Оның ішінде түрлері бойынша: | ||||||
10 | Қауіпті қалдықтар | ||||||
11 | Қауіпті емес қалдықтар | ||||||
12 | Айналы қалдықтар | ||||||
13 | жалпы | ||||||
14 | барлығы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: т/жыл –тонна жылына.
6-кесте. Қалдықтарды көму лимиттері
№ | Қалдықтардың атаулары | Қалдықтардың пайда болу көлемі, т/жыл | Қолданыстағы жағдайға көмілген қалдықтардың көлемі, т/жыл | Көмуге жататын көлем, т/жыл | Қалдықтарды көму орны | Қалдықтарды көму лимиттері, т/жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Барлығы, олардың ішінде алаңдар бойынша: | |||||
2 | 1-алаң | |||||
3 | оның ішінде түрлері бойынша: | |||||
4 | Қауіпті қалдықтар | |||||
5 | Қауіпті емес қалдықтар | |||||
6 | Айналы қалдықтар | |||||
7 | Жалпы | |||||
8 | 2-алаң | |||||
9 | оның ішінде түрлері бойынша: | |||||
10 | Қауіпті қалдықтар | |||||
11 | Қауіпті емес қалдықтар | |||||
12 | Айналы қалдықтар | |||||
13 | Жалпы | |||||
14 | Барлығы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: т/жыл – тонна жылына.
_______________________
(қолы)
_____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"___" ____________ 20___ж.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
2021 жылғы 1 шілдеге дейін берілген кешенді экологиялық рұқсат негізінде пайдаланылатын эмиссиялар нормативтерінің жобаларына, I санаттағы объектінің қалдықтарды басқару бағдарламасының жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
Кімге: ______________________ (өтініш берушінің толық атауы) |
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы
_____________________________________________________________
(жобалық құжаттаманың атауы)
Әзірлеуші _____________________________________________________
(әзірлеуші жобалау ұйымының толық атауы)
Жоба материалдарының тапсырыс берушісі_______________________________
(тапсырыс беруші-ұйымның толық атауы)
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына мыналар ұсынылды:
_________________________________________________________________
(жобалау құжаттамасының атауы, ұсынылған материалдардың, басқа құжаттардың
жиынтықтылығын аудару)
Материалдар қарауға келіп түсті _______________________ 20__ жылы
№ __________
(Кірісті тіркеу күні, нөмірі)
Қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат ____________________________
Жалпы мәліметтер:
Сараптама объектісі орналасқан ауданның физикалық-географиялық жағдайларының, қоршаған ортаның фондық жай-күйінің, негізгі техникалық, технологиялық шешімдердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде қоршаған ортаға теріс әсер ететін технологиялық процестің сипаттамасы, қазіргі заманғы технологиялардың үздік аналогтарымен салыстырғанда балама нұсқаларды қарау.
Жылдар бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтері:
1-кесте. Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жол берілетін шығарындыларының нормативтері
Ластану көзі | Ластағыш зат немесе заттар тобы | Жалпы шығарынды | ||
г/с | т/жыл | мг/м3 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: г/сек – секундына грамм; т/жыл – тонна жылына; мг/м3- текше метрге миллиграмм.
2-кесте. Ластағыш заттарды төгу нормативтері
Шығарынды нөмірі | Көрсеткіштің атауы | Ластағыш заттарды төгу нормативтері | |||||||||
20__ жылға | 20___ жылға | ||||||||||
Ағынды сулардың шығыны | Шығарындыға рұқсат етілген концентрация, мг/дм3 | Төгінді | Ағынды сулардың шығыны | Шығарындыға рұқсат етілген концентрация, мг/дм3 | Төгінді | ||||||
м3/с | мың м3/жыл | г/сағ | т/жыл | м3/с | мың м3/жыл | г/сағ | т/жыл | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 | |||||||||||
Жалпы | |||||||||||
2 | |||||||||||
Жалпы | |||||||||||
Барлығы |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: м3/сағ – сағатына текше метр; м3/жыл – жылына текше метр; мг/дм3- текше дециметрге миллиграмм; г/с – сағатына грамм; т/жыл – тонна жылына.
3-кесте. Қалдықтарды жинақтау лимиттері
Қалдықтың атауы (код) | Жинақтау орны | Қалдықтарды жинақтау лимиті, т/жыл | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Барлығы, оның ішінде алаңдар бойынша: | |||
1-алаң | |||
оның ішінде түрлері бойынша: | |||
2-алаң | |||
оның ішінде түрлері бойынша: | |||
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: т/жыл – тонна жылына.
4-кесте. Қалдықтарды көму лимиттері
Қалдықтың атауы (код) | Көму орны | Қалдықтарды көму лимиті, т/жыл | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Барлығы, оның ішінде алаңдар бойынша: | |||
1-алаң | |||
оның ішінде түрлері бойынша: | |||
2-алаң | |||
оның ішінде түрлері бойынша: | |||
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: т/жыл – тонна жылына.
Тұжырым. Мемлекеттік экологиялық сараптама (жобалық құжаттаманың атауы) келіседі.
_______________________
(қолы)
_____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20___жылғы "___" ____________