"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15397 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасында аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17915 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы |
А. Амангельдиев |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 мамырдағы № 49 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымының басшысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
3) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
4) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
5) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
6) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
7) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
8) профилактика – аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
9) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
10) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді.
3. Аллергиялық аурулары және иммундық жүйенің туа біткен ақаулары бар (бұдан әрі – ИЖТА) пациенттерге медициналық көмекті "Аллергология және иммунология" (ересектер, балалар) (бұдан әрі – аллерголог-иммунолог дәрігер) мамандығы бойынша бейінді маман көрсетеді.
4. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар меншік нысанына, ведомстволық тиесілігіне қарамастан, өз қызметін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Аллергология және иммунология" кіші түрі бойынша медициналық қызметке мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырады.
5. Аллергиялық және иммунологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің барлық деңгейлерінде медициналық көмек көрсету КХ ұсынымдарына сәйкес, ал олар болмаған жағдайда дәлелділік қағидаттарына негізделген халықаралық ұсынымдарға негізделген жүйелі тәсілге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек Кодекстің 195-бабына сәйкес мынадай көлемде көрсетіледі:
1) Кодекстің 196-бабына сәйкес ұсынылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін білдіретін ең төмен көлем;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті білдіретін базалық көлем;
3) медициналық көмектің:
жеке және заңды тұлғалардың жарналары есебінен көрсетілетін ерікті және (немесе) жүктелген медициналық сақтандыру шеңберінде;
ақылы қызметтер көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.
7. Аллергиялық аурулары бар пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде "Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде медициналық ұйымның басшысы бекіткен денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Аллергиялық және иммунологиялық аурулары бар динамикалық байқауға жататын пациенттерді динамикалық байқау "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсететін барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар "Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрық) сәйкес бекітілген есепке алу және есептік нысандарға сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді және есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
10. Пациенттерге аллергологиялық және иммунологиялық көмекті медициналық ұйымдар жүзеге асырады, оның құрылымында мыналар ұйымдастырылған:
медициналық көмек көрсетудің қалалық және облыстық деңгейлеріндегі аудандық, қалалық емханалар, консультациялық-диагностикалық орталықтар жанындағы аллерголог-иммунолог дәрігерінің кабинеті (бұдан әрі – Кабинет);
көп бейінді қалалық/облыстық ауруханалар (ересектер/балалар), ғылыми орталықтар жанындағы терапиялық немесе педиатриялық бөлімшелер немесе аллергологиялық/иммунологиялық бөлімшелер құрылымындағы аллергология-лық төсектер;
медициналық көмек көрсетудің қалалық немесе облыстық деңгейлеріндегі көп бейінді ауруханалардың (ересектер/балалар) құрылымындағы аллергология және иммунология орталығы, ғылыми орталықтар және мынадай құрылымдық бөлімшелері бар:
аллергиялық аурулары және ИЖТА бар күрделі пациенттерді емдеуге арналған аллергология және иммунология бөлімшесі;
аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге амбулаториялық қабылдау және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін аллерголог-иммунолог кабинеті.
3-тарау. Аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары
11. Халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) уақтылы және сапалы мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
2) аурулардың профилактикасы мен ерте диагностикасына, халықтың денсаулығын нығайтуға, олардың өмір сүру тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) барынша дәлелденген тиімділігі мен қауіпсіздігіне ие профилактиканың, диагностиканың және емдеудің заманауи әдістерін қолдану және енгізу;
4) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) көрсететін медициналық ұйымдармен, саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен және өзге де үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп, аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерде асқынулардың ауырлауы мен дамуының профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізу;
5) денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау және медициналық көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру мәселелерінде сабақтастықты сақтау;
6) халыққа медициналық көмекті жақсарту және жетілдіру бойынша жұмыста деректерді пайдалана отырып, аллергологиялық және иммунологиялық қызмет бойынша статистикалық ақпаратқа талдау жүргізу;
7) көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізу;
8) емдеу-диагностикалық процеске қатысатын медициналық персоналдың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында үздіксіз оқытуды ұйымдастыру.
4-тарау. Медициналық көмек көрсетудің деңгейлері, түрлері, нысандары және оны көрсету шарттары бөлінісінде тәртібі
12. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда беріледі:
1) шұғыл – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде;
2) кезек күттірмейтін – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде;
3) жоспарлы – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде.
13. Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмектің барлық деңгейлерінде көрсетіледі.
14. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге жедел медициналық көмек "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
15. МСАК-ті аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге МСАК мамандары: жалпы практика дәрігерлері (отбасылық дәрігерлер), учаскелік терапевтер, педиатрлар, фельдшерлер, кеңейтілген практика (жалпы практика) мейіргерлері, учаскелік мейіргерлер, әлеуметтік қызметкер және денсаулық сақтау саласындағы психолог көрсетеді.
16. МСАК "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) және "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
17. МСАК дәрігері асқынбаған ағымы бар ИЖТА мен жеңіл аллергиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді жүзеге асырады.
18. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмекті амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда аллерголог-иммунолог дәрігер көрсетеді және арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды қолдануды қажет ететін аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикалауды, емдеуді, сондай-ақ медициналық оңалтуды жүргізуді қамтиды.
19. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек "Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) сәйкес қашықтықтан жүзеге асырылады.
20. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
21. Аллерголог-иммунолог дәрігер аллергиялық және иммунологиялық аурулары бар пациенттерге диагностика мен емдеуді жүргізеді, соның ішінде:
1) иммунопатологиялық жай-күйі бар болуы немесе бар болуына күдіктенген пациенттердің иммундық мәртебесінің параметрлерін, соның ішінде дәрілік заттардың жанама әсері ретінде зерттеу;
2) КХ сәйкес анықталған нозологияға сәйкес пациенттерді диагностикалау және емдеу;
3) ИЖТА бар пациенттерде аллергологиялық аурудың ауырлауының және асқынулардың дамуының профилактикасы бойынша іс-шаралар;
4) аллергиялық аурулары және ИЖТА бар (бронх демікпесі, атопиялық дерматит, ИЖТА және тағы басқалар) пациенттерді динамикалық байқау;
5) ауыр аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерде иммунобиологиялық терапияны бақылау;
6) КХ-ға сәйкес аллергенге тән иммундық терапияны тағайындау;
7) аллергиялық аурулары бар пациенттерді "Астма-мектебінде" және "Аллергия мектебінде" оқыту;
8) аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттердің профилактикасының, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;
9) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) сәйкес пациенттердің еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізу;
10) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарын - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға куәландыру үшін еңбекке қабілеттілігінен айырылу белгілері бар пациенттерді уақтылы жіберу;
11) толыққанды ұсынымдар бере отырып, аллергиялық аурулары және ИЖТА бар жүкті әйелге консультация беру және қажет болған жағдайда жүкті әйелдің диагнозын нақтылау, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда емдеу үшін толық зерттеп-қарауға жіберу;
12) аллергиялық аурулар және ИЖТА мәселелері бойынша әртүрлі бейіндегі дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету;
13) № ҚР ДСМ-175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарына сәйкес медициналық құжаттаманы дұрыс жүргізу және есептерді ұсыну.
22. Аллерголог-иммунолог дәрігер қажет болған жағдайда "Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ- 122/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21412 болып тіркелген) бекітілген медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер, жүктілікті жасанды үзуге қарсы көрсетілімдер тізбесіне сәйкес жүктілікті үзуге көрсетілімдерді қарау және растау жөніндегі дәрігерлік-консультациялық комиссияның құрамына қатысады.
23. Аллергиялық аурулардың патогенезіне қатысатын аллергендердің әртүрлі түрлеріне сенсибилизацияны анықтау үшін "Әртүрлі клиникалық көріністері бар дәрілік жоғары сезімталдық (дәрілік аллергия)" клиникалық хаттамасына сәйкес арнайы аллергиялық диагностика жүргізіледі.
24. Үшінші деңгейдегі мамандандырылған аллергологиялық-иммунологиялық көмекті аллергиялық аурулармен және ИЖТА-мен ауыратын пациенттерді заманауи диагностика және емдеу мүмкіндіктері бар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар көрсетеді.
25. Аллерголог-иммунолог дәрігердің қабылдау/консультация беру уақытының нормативі пациенттің жай-күйіне байланысты бір пациентке 40 минутты құрайды.
26. Стационарды алмастыратын жағдайларда халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмек "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 106 бұйрық) сәйкес көрсетіледі.
27. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек пациенттің бекітілген жері бойынша емханада (күндізгі стационар) немесе МСАК маманының жолдамасы бойынша үйде (үйдегі стационар) көрсетіледі.
28. Бірінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін жіті ауру немесе созылмалы аллергиялық аурулардың және ИЖТА-ның өршуі;
2) динамикалық байқауға жататын созылмалы аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттер тобын белсенді жоспарлы сауықтыру;
3) көрсетілімдер болған кезде тәулік бойы стационардан шығарылғаннан кейін стационарды алмастыратын жағдайларда аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерді емдеуді жалғастыру;
4) медициналық оңалту курстарын өткізу.
29. Үйде стационарда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) инфекциялық асқынулардың жоғары қаупімен ұштасқан және маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулауды қажет ететін балалардағы ИЖТА тұрақты алмастыратын биологиялық терапияны алу үшін.
2) тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін жеңіл және орташа ауыр дәрежедегі жіті аллергиялық аурулар;
3) тәулік бойы медициналық байқауды қажет етпейтін медициналық ұйымға өз бетінше баруға мүмкіндік бермейтін жіті және созылмалы аллергиялық аурулар және ИЖТА кезіндегі пациенттің жай-күйі.
30. Екінші деңгейде стационарды алмастыратын жағдайларда аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) арнайы алдын ала дайындықты қажет ететін және (немесе) бірінші деңгейде қолжетімсіз диагностикалық зерттеулер жүргізу;
2) КХ сәйкес арнайы гипосенсибилизациялау терапиясын жүргізу;
3) № 106 бұйрыққа сәйкес стационарды алмастыратын жағдайларда емдеуге арналған көрсетілімдер болған кезде пациенті тәулік бойы стационардан ерте шығару кезінде емдеу.
31. Үшінші деңгейдегі стационарды алмастыратын жағдайларда аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер мыналар болып табылады:
1) операция алдындағы арнайы дайындықпен және екінші деңгейде қолжетімсіз реанимациялық қолдаумен манипуляциялар жүргізу;
2) арнайы алдын ала дайындықты қажет ететін және (немесе) екінші деңгейде қолжетімсіз диагностикалық зерттеулер, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер жүргізу.
32. Стационарды алмастыратын жағдайларда емделіп жатқан пациенттер дәрігердің күнделікті қарап-тексеруге жатады.
33. Жай-күйі жақсарған кезде және стационарды алмастыратын жағдайларда байқауды қажет етпейтін, терапияны жалғастыру қажет болғанда пациент бекітілген жері бойынша МСАК мамандарына амбулаториялық жағдайда одан әрі емдеуге жіберіледі.
34. Стационарды алмастыратын жағдайларда пациенттің жағдайы нашарлаған кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетіледі және медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент тәулік бойы стационарға жіберіледі.
35. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациентке күндізгі стационардан шығару кезінде қорытынды клиникалық диагнозы, жүргізілген диагностикалық зерттеулердің, емдеу іс-шараларының көлемі, одан әрі байқау және емдеу жөніндегі ұсынымдар көрсетілген үзіндіден көшірме беріледі.
36. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге стационарлық көмек "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
37. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек стационарлық жағдайларда шұғыл, кезек күттірмейтін және жоспарлы медициналық көмек көрсету нысандарында көрсетіледі.
38. Аурудың ауырлығына немесе қосалқы өтемақы немесе декомпенсация сатыларындағы қосарласқан ауруларға қарамастан, асқынулар болған кезде аурудың орташа ауыр және ауыр ағымы бар пациенттер стационарға емдеуге жатқызылады.
39. Ауыр аллергиялық ауруды емдеу үшін жүкті әйелді емдеуге жатқызу немесе жүктіліктің 36 аптасы 6 күніне дейінгі мерзімде акушерлік асқынулар болмаған немесе шамалы ауырлығы болған кезде ИЖТА кезінде асқынудың дамуы стационарлық жағдайларда аллергология-иммунология мамандандырылған бөлімшесіне немесе соматикалық төсектерге\пациенті аллерголог-иммунологпен қадағалап жүргізе отырып, көп бейінді стационар бөлімшесіне, жүктіліктің 37 аптасынан бастап асқынулар акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда жүзеге асырылады.
40. Жүкті әйелде ауыр аллергиялық-иммунологиялық аурулар болған кезде аллерголог-иммунолог дәрігер акушер-гинекологтармен бірге босану әдісі мен деңгейі туралы комиссиялық шешім қабылдау мақсатында консилиумға қатысады.
41. Аллергиялық аурулары және ИЖТА бар балаларға медициналық көмекті ұйымдастыру "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
42. Медициналық көмек пациенттің не оның заңды өкілінің хабардар етілген жазбаша ерікті келісімін алғаннан кейін көрсетіледі.
43. Пациенттің хабардар етілген келісімін алу мүмкін болмаған кезде консилиум медициналық көмек көрсету туралы шешімді келісімінсіз қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде Кодекстің 137-бабына сәйкес медициналық ұйымның лауазымды адамдарын кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
44. Пациенттің өміріне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп болмаған кезде пациенттің және (немесе) оның заңды өкілінің емдеуден бас тарту туралы жазбаша өтініші толтырылады.
45. Аллергологиялық және иммунологиялық төсектер республика бойынша орта есеппен 10 000 балаға шаққанда 0,2 төсекті және 10 000 ересек халыққа шаққанда 0,1 төсекті құрайды (*өңір деңгейінде халықтың құрылымы мен санына қарай төсектерді есептеу көзделеді).
5-тарау. Аллергологиялық аурулары және ИЖТА бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің ұсынылатын штаты және медициналық бұйымдардың ұсынылатын жарақтандыруы
46. Амбулаториялық (аллерголог-иммунологтың кабинеті) және стационарлық жағдайларда (аллергологиялық/иммунологиялық бөлімше) аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсету үшін ұсынылатын штаттық нормативтер осы Стандартқа 1-қосымшада келтірілген.
47. Аллерголог-иммунологтың кабинетін және (аллергологиялық/ иммунологиялық бөлімшені жарақтандыруға ұсынылатын медициналық бұйымдар осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсету үшін ұсынылатын штаттық нормативтер
1.1-кестедегі төсектер санына қарай медициналық көмек көрсету деңгейлері бөлінісінде стационарлық жағдайларда 1 тәулік бойғы мейіргер постына аллерголог-иммунолог дәрігердің 1 лауазымына жүктемені ескере отырып ұсынылатын штаттық нормативтер.
1-кесте. Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін ұсынылатын штаттық нормативтер
Аудандық ауруханалар | Қалалық ауруханалар (Республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда) | Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қалалық ауруханалары мен облыстық ауруханалары | Ұлттық орталықтар | ||||
ересектер | балалар | ересектер | балалар | ересектер | балалар | ересектер | балалар |
Штат 10 000 адамға шаққанда төсектердің жоспарлы нормативтік санына және көрсетілетін медициналық қызметтер көлеміне сәйкес белгіленеді | 12 | 12 | 12 | 12 | 10 | 10 |
2. 2-кестедегі халық санына амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін ұсынылатын штаттық нормативтер.
2-кесте. Амбулаториялық жағдайда аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін ұсынылатын штаттық нормативтер
Лауазымның атауы | Штат бірліктерінің саны |
1 лауазымға шаққандағы |
Аллерголог-иммунолог дәрігер | 1 | 100 000 ересек және балаларға |
1 аллерголог-иммунолог дәрігерге 1 орта медицина қызметкері (мейіргер және/немесе фельдшер) лауазымы |
Қазақстан Республикасында халыққа аллергологиялық және иммунологиялық көмекті ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Аллерголог-иммунолог дәрігер кабинетінің жарақтандырылуы
р/с | Медициналық өнімнің атауы | Медициналық көмек көрсету деңгейіне байланысты саны | ||
I | II | III | ||
1 | Пикфлоуметр | - | 1 | 1 |
2 | Пышақтар жинағы бар ларингоскоп | - | 1 | 1 |
3 | Дефибриллятор | - | 1 | 1 |
4 | Пульсоксиметр | 1 | 1 | 1 |
5 | Өкпенің қолмен жасанды желдетуіне арналған тыныс алу қапшығы | 1 | 1 | 1 |
6 | Портативті спирометр | - | 1 | 1 |
7 | Аллергенді сұйылтуды дайындауға және аллергенге спецификалық иммунотерапияны жүргізуге арналған, сору жабдығымен жабдықталған үстел | 1* | 1 | 1 |
8 | Тері диагностикалық сынақтарына арналған үстел | 1* | 1 | 1 |
9 | Диагностикаға және емдеуге арналған аллергендер, аллергендерге арналған сұйылту сұйықтығы, сынақты бақылау сұйықтығы, гистамин ерітіндісі | 1* | 1 | 1 |
10 | Бактерицидті ауа рециркуляторы | 1 | 1 | 1 |
11 | Кушетка | 1 | 1 | 1 |
12 | Бой өлшегіш, таразы, өлшегіш лента | 1 | 1 | 1 |
13 | Медициналық жинақ (фонендоскоп, тонометр, медициналық шпатель, термометр) | 1 | 1 | 1 |
14 | Оргтехника кешені | 1 | 1 | 1 |
15 | Компрессорлық небулайзер (жедел жәрдем үшін) | 1 | 1 | 1 |
16 | Негатоскоп | 1 | 1 | 1 |
17 | Тоңазытқыш | 1 | 1 | 1 |
18 | Оттегі концентраторы* | 1 | 1 | |
19 | Деммен шығарылған азот оксидінің концентрациясын анықтауға арналған құрылғы* | 1 |
Аллергология/иммунология бөлімшесінің жарақтандырылуы *
р/с № | Медициналық өнімнің атауы | Медициналық көмек көрсету деңгейіне байланысты саны | ||
I | II | III | ||
1 | Портативті аэрозольді компрессорлы ингалятор (небулайзер) | - | 2 | 3 пациентке 1 |
2 | Өкпені жасанды желдеткіш аппараты тасымалданатын | 1* | 1 | |
3 | Пациент мониторы | - | 1 | 2 |
4 | Талшықты-оптикалық ларингоскоп | - | 1 | 1 |
5 | Инфузионды насос | - | 1 | 5 |
6 | Көп арналы электрокардиограф | - | 1 | 1 |
7 | Синхрондау функциясы бар екі фазалы дефибриллятор | - | 1 | 1 |
8 | Спирограф | - | 1 | 1 |
9 | Микроскоп бинокулярлы | - | 1* | 1 |
10 | Жоғары ағынды оттегімен емдеу құрылғысы | - | 5 төсекке 1 | 5 төсекке 1 |
11 | Тыныс шығарған ауадағы азот оксиді анализаторы | - | - | 1* |
12 | Жауыр жараға қарсы матрас | - | 1 | 2 |
13 | Пикрофлоуметр | - | 3 | 5 |
14 | Пульсоксиметр | - | 5 пациентке 1 | 5 пациентке 1 |
15 | Медициналық аспиратор (сору-дренаж) | - | 1 | 2 |
16 | Бактерицидтік ауа рециркуляторы/ қорғалған бактерицидтік сәулелендіргіш | - | әр палатада | әр палатада |
17 | Фонендоскоп және тонометр | - | 5 | 5 |
18 | Оттегі концентраторы (оттегі жеткіліксіз болған жағдайда және пациенттің қозғалысы үшін) | - | 1 | 1 |
19 |
Зертханалық қамтамасыз ету: | - | - | 1 |
Ескертпе:
*Медициналық бұйымдармен жарақтандыру, ағымдағы қажеттіліктерге сәйкес, денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.