БҰЙЫРАМЫН:
1. "Реттеліп көрсетілген қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін ұсыну саласында:
бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдарды пайдалануға беру.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі