"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 мамырда № 36126 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Хабарлама мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, веб-портал арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 8:30-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жіберіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау мынадай бағыттар бойынша:

      1) бірінші бағыт:

      конкурс (аукцион) жарияланған күннен бастап конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау кезеңінде ескертулерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін;

      егер конкурстық құжаттаманың жобасына алдын ала талқылау жүзеге асырылмаған кезде, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) екінші бағыт – конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасы веб-порталға орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдау мерзімдері аяқталғанға дейін жүргізіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Бұл ретте тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шешіміне әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде шағымдану мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тоқтата тұрмайды.

      Шағымдарды беру және қарау тәртібі 19 таратумен "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238болып тіркелген) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалармен айқындалады.

      Веб-портал арқылы шағымды жіберу және қарау жөніндегі талаптар ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 237 Бұйрыққа
1-қосымша
  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің атауы

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің деректерін таңдау шарттары

Камералдық бақылау тәуекел бейінінің бұзылуы

1.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурс (аукцион) тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарын "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) 11 және 12-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұза отырып көрсетуі.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді және негізсіз қиындатады;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды;
3) әлеуетті өнім берушілердің саныны шекткліуне әкеп соғады мыналар, оның ішінде:
әлеуетті өнім берушілерге қойылатын кез келген өлшенбейтін сандық және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптарды белгілеу:
тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар шығарылған жердің атауына және сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын өндірушінің атауына нұсқаулардың мазмұнын;
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге әкеп соғады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11 және 12-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзу.

2.

Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.

1. Алдын ала талқылау хаттамасы қалыптастырылған конкурс (аукцион) тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала талқылау хаттамасы конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулерден тұрады.
3. Бекітілген конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы белгіленген.

Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде, тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес уәкілетті орган бекіткен Заңды және 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалар) бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.

3.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы

1. Нысанасы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері болып табылатын мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының нормаларын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушының/тапсырыс берушінің Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 27-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы.

4.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлмеу.

1. Конкурс тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы заңмен және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалар мен көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды Мемлекеттік сатып алу туралы заңды және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, лоттарға бөлмеуі.

5.

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мерзімі жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының тиісті оң қорытындысында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейді.

1. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз.
2. Жұмыстарды орындау және қызметтерді мерзімдері жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының осы қорытындысында көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келмейді.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 17-бабының 6-тармағын бұза отырып өткізілді.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 119-тармағын бұза отырып жүргізілді.

6.

Ұйымдасытырылуы мен өткізілуін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабының 13-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабының 13-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын мемлекеттік сатып алуын бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

7.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу.

Веб-порталда орналастырылған баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық емес және/немесе Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалармен көзделген мерзімдерді бұзылған.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат толық орналастырмау және/немесе Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген мерзімдерін бұзу.

8.

Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеуі.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып лоттарға бөлмеуі.

9.

Техникалық ерекшелікте баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқаулар қамтылады.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, және сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын нұсқаулар қамтылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабының 4-тармағын бұза отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасында тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына және сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесілігін айқындайтын нұсқаулар қамтылады.

10.

Мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу – мемлекеттік сатып алудың тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабын бұза отырып, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

1. Тапсырыс беруші тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберді.
2. Тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін негіздеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабының талаптарына сәйкес келмейді.
3. Осы Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 10-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген өзге де тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мүмкін болмау себептерін негіздемсіз, тікелей қорытынды жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау.

11.

Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген жағдайда не техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) болған кезде конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

1. Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау хаттамасы ресімделген конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Алдын ала талқылау хаттамасына сәйкес конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулер бар.
3. Ұйымдастыру шының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11 және 12-баптарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұза отырып, конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қорытындылары бойынша біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

Ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамада біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі:
1) әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейді және негізсіз қиындатады;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайды;
3) әлеуетті өнім берушілердің санын шектеуге, оның ішінде:
әлеуеттік өнім берушілерге қандай болмасын санмен өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін талаптар белгілеуге;
тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері, фирмалық атаулары, патенттері, пайдалы модельдері, өнеркәсіп үлгілері, тауардың шығу орнының атауы және өндірушінің атауы, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, қызметтің жеке әлеуетті өнім берушіге тиесілігін анықтайтын қамтуға әкеп соғатын.
4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын бұзатын біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

12.

Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сатып алу сомасы.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 10-бабының 4-тармағын бұза отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.

13.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі құқыққа сыйымсыз талаптар.

1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Мемлекеттік сатып алудың нысанасы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылады.
3. Ұйымдастыру шының (тапсырыс берушінің) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11-бабының 3-тармағын бұза отырып, біліктілік талаптары мен шарттарын көрсетуі.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде біліктілік талаптарын белгілеу.

14.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын веб-порталда орналастыру талаптарын Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабын бұза отырып, тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының бекітілген күнімен салыстыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабын бұза отырып, таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырмау.

15.

Мемлекеттік сатып алу көлемінің сәйкестігі.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының көлемін тиісті бюджеттің (даму жоспарының) немесе жеке қаржыландыру жоспарының көлемдерімен салыстыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 6-бабын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту (нақтылау).

16.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Жобалау-сметалық құжаттамасы бар жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында):
1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлем (аванс) көрсетпеген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмаған.

17.

Мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізу

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарларын) мониторингілеу және талдау.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 21), 22) және 24) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу.

18.

Демпингтік баға есебін құқыққа сыйымсыз қолдану/қолданбау.

1. Конкурс тәсілімен өткізілген жұмыстарды жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Ұйымдастыру шылардың конкурстық құжаттамада демпинг белгісін және демпингтік бағаны есептеу сомасын анықтамауы не дұрыс анықтамауы.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13-бабын және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұзу.

19.

Мемлекеттік сатып алу Заң талаптарын бұза отырып, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

1. Мемлекеттік сатып алу Заң талаптарын бұза отырып, алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен бұзу талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

20.

Ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу.
Техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптың көрсетілмеуі және/немесе дұрыс көрсетілмеуі.

1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда орналастырылған ақпарат.
3. Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттар, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекетаралық стандарттар көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген.
4. Техникалық ерекшелікте жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап көрсетілмеген немесе дұрыс көрсетілмеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған кезде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу
Техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптың көрсетілмеуі және/немесе дұрыс көрсетілмеуі.

21.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

1. Конкурс, аукцион тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарияланған мемлекеттік сатып алу.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда орналастырылған ақпарат.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

22.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа және (немесе) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсынысқа өзгерістер енгізу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша қосымша келісім жобасы.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негіздер бойынша өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертетін мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа және (немесе) өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстары бар мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қосымша келісім жасасу.

23.

"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – рұқсаттар туралы Заң) және Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11-бабына 4-тармағының талаптарын бұза отырып, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

1. Тиісті рұқсаттың немесе қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуын талап ететін баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рұқсаттар туралы Заңының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11-бабына 4-тармағының талаптарын бұза отырып жүргізілген.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың рұқсаттар туралы Заңының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 11-бабына 4-тармағының талаптарын бұза отырып жүргізілуі.

24.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшaға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшaға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 16-қосымшaға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

25.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану.

2024 жылғы 15 қазандағы № 853 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген ұлттық режимнен алынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес сатып алуға жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу нысанасының түрін және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодын құқыққа сыйымды айқындамау.

26.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін қолдану

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен айқындалатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдауы.

27.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің кодтарын сатып алу нысанасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сыныптауышының коды (бұдан әрі - ТЖҚС)

ТЖҚС сатып алу нысанасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.
Біртекті тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнде, егер осындай біртекті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін, егер біртекті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, айлық есептік көрсеткіштің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жүз еселенген мөлшерінен асады.

Сатып алу нысанасына және біртекті тауарлардың жылдық көлеміне сәйкес келмейтін және құндық мәнде біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемінің белгіленген мөлшерінен асқан кезде ТЖҚС-ны құқыққа сыйымсыз таңдау.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 237 Бұйрыққа
2-қосымша
  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау элементтері мен бұзушылықтарды жою тәсілдері

Камералдық бақылау бағыттары

Деректерді іріктеу үшін тәуекелді басқару жүйесінің өлшемшарттары

Тәуекелдер бейіні

Камералдық бақылау

Бірінші бағыт

Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу. Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген тікелей жасасу жолымен мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, егер мынадай талаптар бар болса (жеке-жеке):
тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары бар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бірден көп тармағы бар; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимді қолдану.

№ 1 бейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі

1-нұсқа. Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу*

2-нұсқа. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау кезінде ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) тиісті шешімінің күшін жою жүзеге асырылмайды *

№ 3 бейін – "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу туралы заң) 27-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 4-бейін – Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде лоттарға бөлмеу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 5-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мерзімі жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының тиісті оң қорытындысында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 6 бейін – Ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыруға тиіс орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 10 бейін – Мемлекеттік сатып алу тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілі. Заңның 16-бабын бұза отырып, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу *

№ 24 бейін – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалар) 16-қосымшaға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдау.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 18 бейін – Демпингтік бағаны есептеуді құқыққа сыйымсыз қолдану/қолданбау

Мемлекеттік сатып алудың күшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін жою

№ 19 бейін – Мемлекеттік сатып алу туралы заңды және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының бұза отырып, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 20 бейін - Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде ұлттық стандарттарды техникалық ерекшелікте көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу. Техникалық ерекшелікте өнім берушілерге жеткізілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талаптың көрсетілмеуі және/немесе дұрыс көрсетілмеуі.

Конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер енгізу

№ 21 бейін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 22 бейін – Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өткізілетін (өткізілген) мемлекеттік сатып алу талаптарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер және (немесе) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 18-бабының 1, 2-тармақтарында көзделмеген негіздемелер бойынша өнім берушіні таңдау үшін негіз болған ұсыныстар енгізу.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*

№ 25 бейін – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу нысанасының түрін және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодын құқыққа сыйымсыз айқындау

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 26 бейін –
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдауы.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 27 бейін –
Сатып алу нысанасына және біртекті тауарлардың жылдық көлеміне сәйкес келмейтін және құндық мәнде біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемінің белгіленген мөлшерінен асқан кезде
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сыныптауышының коды құқыққа сыйымсыз таңдау.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

Екінші бағыт

Конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу;

№ 2 бейін – Конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) Мемлекеттік сатып алу туралы заңды және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып бекітуі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 11 бейін – Ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) талқылау қорытындылары бойынша не конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) өзгерген кезде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделмеген техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттама (жабдықтардың (тетіктердің, машиналардың) және еңбек ресурстарының негізгі түрлерінің тізбесі) қамтылған кезде біліктілік талаптары мен шарттарын белгілеуі.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
2024 жылғы 15 қазандағы № 853 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен шығарып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген ұлттық режимнен алып қойылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес сатып алуға жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу.

№ 12 бейін – Жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 13 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі құқыққа сыйымсыз талаптар.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 3 бейін – Мемлекеттік сатып алу туралы 27-бабының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушілер арасында тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою

№ 5-бейін – Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем, сондай-ақ тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалатын мерзімнен аз, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мерзімі жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының тиісті оң қорытындысында белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 7 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 8 бейін – Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде лоттарға бөлінбеу.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 9 бейін – Техникалық ерекшелік баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларға, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына нұсқауларды қамтиды.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 21 бейін – Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шектеулер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 23 бейін – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және Заңның 11-бабының 4-тармағын бұза отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 25 бейін – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес алып қою белгіленген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу нысанасының түрін және (немесе) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының кодын құқықққа сыйымсыз айқындау

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

№ 26 бейін –
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бұза отырып, айқындалатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесіне кіретін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін құқыққа сыйымсыз таңдауы.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін мемлекеттік сатып алудың күшін жою*

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жоспарлау кезінде мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

№ 14 бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) уақтылы орналастыру.

Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру*

№ 15 бейін – Мемлекеттік сатып алу көлемдерінің сәйкестігі.

Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

№ 16 бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының мазмұны.

Хабарламаға сәйкес Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

№ 17 бейін – Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 22) және 24) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді енгізу.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізу*

Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау

Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген тікелей жасасу жолымен Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы, егер мынадай шарттар болса:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының бірдей атаулары мен кодтары бар Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының бір тармағынан астамы бар болса.
2) Біртекті тауарлардың жылдық көлемі құндық мәнде айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, мемлекеттік сатып алу сомасы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің айлық есептік көрсеткішінің жүз еселенген мөлшерінен, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асады.

№ 10 бейін – Мемлекеттік сатып алу тәсілін құқыққа сыйымсыз қолдану – мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілі.

Хабарламаға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын кері қайтарып алу*

      Ескертпе:

      * Хабарлама тапсырылғаннан кейін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған кезде, бұзушылық осындай шартты бұзу арқылы (қорытындыларды жоя отырып) жойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады