"Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 мамырда № 36121 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:

      2-қосымшаның 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      7. "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы:

      1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

      2) тамақ өнімдерін өндіру;

      3) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;

      4) тоқыма бұйымдарын өндіру;

      5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;

      6) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

      7) машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

      8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі;

      9) көрмелерді, мұражайды, қойма және әкімшілік ғимараттарды ұйымдастыру үшін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ғимараттар салу;

      10) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

      11) теңіз балық шаруашылығы;

      12) тұщы су балық шаруашылығы;

      13) шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру;

      14) электрондық элементтерді өндіру;

      15) шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісі.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды, жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады