БҰЙЫРАМЫН:
1. "Субсидиялар мөлшерін есептеуді қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін, байланыс операторларына қойылатын әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды, әмбебап байланыс қызметтері тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 289/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Әмбебап байланыс қызметтері тізбесі
Р/с № | Әмбебап қызметтердің атауы |
1. Телекоммуникациялар секторында бекітілген байланыс қызметтері тізбесі | |
1) | Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі жеке қолжетімділік қызметтері |
2) | Интернет желісіне қосылу жылдамдығы 8 Мбит/с-тан астам талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша жеке қолжетімділік қызметтері |
3) | Интернет желісіне жеке қолжетімділік қызметі бойынша субсидияланатын абоненттерді қоспағанда, жергілікті байланыс қызметтері |
2. Пошта байланысы секторында бекітілген байланыс қызметтері тізбесі | |
1) | Тіркелмейтін хатты жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер |
2) | Жаздырып алынатын мерзімді баспасөз басылымдарын тарату бойынша көрсетілетін қызметтер |