"Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 14 мамырдағы № 158 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 14 мамырдағы № 227 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 мамырда № 36107 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 100 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 155 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35958 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізiлсiн:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқашықтарын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102) әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов
     
      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады