"Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 181 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 13 мамырда № 36100 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Терроризм актісін жасаудың ықтимал салдарын ескере отырып мемлекеттік материалдық резерв объектілері мынадай топтарға бөлінеді:

      1) бірінші топқа мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы жатады;

      2) екінші топқа мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымының филиалдары жатады.

      50. Бірінші топтың объектісі мынадай құралдармен:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларына сәйкес келетін құлақтандыру жүйесімен;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21693 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында (бұдан әрі – Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары) көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келетін бейнебақылау жүйесімен;

      3) кіруді бақылау және басқару жүйелерімен (турникеттер) жарақтандырылады.

      Өрт туындаған кезде кіруді бақылау және басқару жүйелері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерінің талаптарына сәйкес адамдарды кедергісіз және уақтылы эвакуациялауды қамтамасыз етеді.

      4) аумақтық ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне, не күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне шығара отырып, дабыл берудің мобильді және/немесе стационарлық құралымен (дабыл түймесі) жарақтандырылады.

      Күзет қызметі субъектілерін орталықтандырылған бақылау пультіне дабыл сигналы түскен кезде ішкі істер органдарын дереу хабардар етеді.";

      мынадай мазмұндағы 51 және 52-тармақтармен толықтырылсын:

      "51. Террористік тұрғыдан осал және мемлекеттік күзетілуге жататын екінші топтағы объектілерді жарақтандыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      52. Телевизиялық күзет жүйесіне кіретін объектінің бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптар Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің ең төменгі техникалық шарттарына сәйкес келуі тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады