"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 5 мамырдағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 мамырда № 36089 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа және фермер шаруашылықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы жануарының төлін бірдейлендіру кезінде ол туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомосте көрсетілген енесінің жеке нөмірі көрсетіле отырып, дерекқорға және ветеринариялық паспортқа енгізіледі.";

      30-1-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 146 бұйрығына
1-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

  Берді/Выдан
______________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы
құрған ветеринариялық
ұйымның атауы,
/
наименование ветеринарной
организации, созданной
местным исполнительным
органом области,
города республиканского
значения, столицы)

      Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ________*

      Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя, отчество (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного животного, индивидуальный идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң мекенжайы/Адрес владельца

      сельскохозяйственного животного ___________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының түрі/Вид сельскохозяйственного

      Животного _________________________________________________________

      Ветеринариялық паспорт берілген топтағы (отардағы) жануарлар саны (ұсақ мал мен шошқа тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берілген кезде)/ Количество животных в группе (отаре), на которых выдан ветеринарный паспорт (при выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота и свиней) ____________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном:

Р/с №

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі/Индивидуальный номер сельскохозяйственного животного

Жынысы /Пол

Түci /Масть

Аты /Кличка

Жасы (туған күні) /Возраст (дата рождения)

Бiрдейлендiру әдici/Способ идентификации

Малдың ата-енесі туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)** /Данные о родителях (для племенного животного)**

Енесінің жеке нөмірі / Индивидуальный номер матери



















      Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года

      Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность электронного документа Вы можете на сайте egov.kz, а также посредством мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".



      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

      Ескертпе/ Примечание:

      * ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрiне сәйкес келедi. Ұсақ мал, шошқа тобына (отарына) ветеринариялық паспорт беру кезінде ветеринариялық паспорттың нөмірінде ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрінің жеке нөмірінің алғашқы төрт символы көрсетіледі/Номер ветеринарного паспорта соответствует индивидуальному номеру сельскохозяйственного животного. При выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару) мелкого рогатого скота, свиней в номере ветеринарного паспорта указываются первые четыре символа индивидуального номера соответствующего вида сельскохозяйственного животного;

      ** асыл тұқымды жануардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенного животного.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 146 бұйрығына
2-қосымша
  Ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомость

Р/с

Ауыл шаруашылығы жануары тиесілі жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы

Иесінің мекен-жайы

Жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектісінің есептік нөмірі

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректер

Қайталап бірдейлендіру

Ескертпе

Бірдейлендіру жүргізілген күн

Жеке нөмірі

Енесінің жеке нөмірі

Бірдейлендіру әдісі

Түрі

Жынысы

Тұқымы

Түсі

Аты

Жасы
(туған күні)

Алдыңғы бірдейлендіру нөмірі

Қайталап бірдейлендіру себебі





















































      Ведомость жасалған күн 20__ жылғы____ ___________

      Ветеринариялық дәрігер ____________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады