"Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 мамырда № 36077 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20173 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сынау объектілері – азаматтық және қызметтiк қару және оның патрондары, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар;";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің толықтығын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен байланысты іс-әрекеттерді жасауға тыйым салулар мен шектеулердің болуын тексереді."

      10-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жүргізілген сынақтардың нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынақ хаттамасын ресімдейді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне екі данада сынақ хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды;";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 353 бұйрығына
қосымша
  "Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған
патрондардың, сондай-ақ
конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну әдістері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі – он үш жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi

азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін қажетті құжаттардың, мәліметтердің және сынау объектілерінің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Порталға:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогының электрондық көшірмесі, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасының электрондық көшірмесі және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) келісімшарттың және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектілері нөмірлері тізбесінің электрондық көшірмесі.
Сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электр, пневматикалық, оқсыз атылатын қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау кезінде:
тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
оқсыз атылатын, газды, белгі беру, электр, пневматикалық қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы (газды қару үшін кемінде бес дана бос патрон қосымша ұсынылады);
конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – өндіруші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде он дана;
суық және лақтырылатын қаруға, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін:
суық және лақтырылатын қару болып табылатын объектілер – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификацияның бес бірлігі ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарда дұрыс емес және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметіне немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: www.mvd.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады