Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 мамырда № 36073 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13583 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20312 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ________________

      2025 жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады