Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 184-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 мамырда № 36068 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:

      1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары);

      2) "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес бензиндерді (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 412 0, 2710 12 413 0), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 кодтары бар мұнай өнімдерін темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін;

      2. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (СЭҚ ТН кодтары 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8), авиакеросиндерді және дизель отынын (СЭҚ ТН кодтары 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0), газойлдарды (СЭҚ ТН кодтары 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), толуолды, ксилолдарды (СЭҚ ТН кодтары 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0), мұнай битумын (СЭҚ ТН коды 2713 20 000 0) әкетуге тыйым салу енгізілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Көлік министрліктері өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады