"Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 23.07.2026 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15101 болып тіркелген);
2) "Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 480-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33707 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
А. Балаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикаcының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 23.07.2026 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) волонтерлер тобы – Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;
3) волонтерлерді үйлестіруші – волонтерлерді үйлестірушіні волонтерлік қызметті ұйымдастырушы немесе волонтерлік бағдарламаны (жобаны) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға жауапты волонтерлік ұйым тағайындайды не волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер өздерінің арасынан сайлайды;
4) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;
5) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;
6) волонтерлік қызмет – өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;
7) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – волонтерлік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі;
9) волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;
10) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 23.07.2026 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібі
3. Уәкілетті орган тізілімді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.
4. Тізілімге қосу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлерді үйлестіруші мен волонтерлік қызметті ұйымдастырушылар (бұдан әрі – арыз иесі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде тізілім мен сауалнамаға қосу туралы арызды volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға жібереді.
5. Тізілімді жүргізу:
1) уәкілетті органның арыз иесі туралы мәліметтерді тізілімге енгізуі;
2) тізілімге енгізілетін мәліметтердің өзгерістерін (толықтыруларын) өзектендіру;
3) тізілімді уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыру деп түсініледі.
6. Тізілімді жүргізуге жауапты уәкілетті органның қызметкері (бұдан әрі – уәкілетті органның қызметкері) уәкілетті органның басшылығымен айқындалады. Уәкілетті органның қызметкері туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), байланыс деректері) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Уәкілетті органның қызметкері күн сайын volunteer@mki.gov.kz электрондық поштасына келіп түскен өтініштер мен сауалнамалар тұрғысына мониторинг жұмыстарын жүзеге асырады.
7. Мәліметтер өзгерген жағдайда арыз иесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар өзгерген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға сауалнама ұсынады.
8. Арыз иесінің қызметі туралы мәліметтерді алған кезде уәкілетті органның қызметкері өтініштер мен сауалнамаларды толтырудың толықтығы тұрғысынан қарайды.
9. Волонтерлік қызмет туралы мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.
10. Уәкілетті органның қызметкері арыз иесі туралы мәліметтер тізілімге келіп түскен кезде оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Арыз иесі өз қызметі туралы ұсынған мәліметтердің толықтығы анықталған кезде уәкілетті органның қызметкері арыз келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды пысықтауға жібереді. Арыз иесі 3 (үш) жұмыс күні ішінде өз қызметі туралы мәліметтерді пысықтайды және volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға тізілімге қосу үшін қайта жібереді.
11. Пысықталған өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган арыз иесін тіркеуден бас тартады.
12. Мәліметтерді тізілімге қосу немесе бас тарту арыз иесіне электрондық поштаға хабарлама арқылы ресімделеді.
13. Волонтерлік қызметті тоқтату арыз иесінің бастамасы бойынша шешім қабылданған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде volunteer@mki.gov.kz электрондық поштасына еркін нысандағы хабарлама негізінде жүзеге асырылады, бұл туралы тізілімде белгі жасалады.
| Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі Қағидаларына 1-қосымша |
Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі
№ | Волонтер Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Волонтерлер топ басшысының Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Волонтерлік ұйым (ұйымның атауы) басшысының Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Волонтерлік қызметті үйлестіруші және ұйымдастырушы Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Байланыс деректері, e-mail, web-сайт (бар болған кезде), қолданылу өңірі | Волонтерлер бағдарламасы (жоба) | Волонтерлер акциясы | Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды)/волонтерлік акцияларды өткізу орны мен уақыты | Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды)/волонтерлік акцияларды өткізуге қойылатын талаптар | Волонтерлік қызметті тоқтату туралы мәліметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі Қағидаларына 2-қосымша |
|
| Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 23.07.2026 № 354-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/ интернет – ресурста орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініш
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (қысқаша әріптік-сандық өрнек форманың атауы): ВҚЕТ-1
Жиілік: қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін)
Есепті кезең: қажеттілігіне қарай (тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдары, волонтерлік үйлестірушілері және волонтерлік қызметін ұйымдастырушылар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін және тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда)
ЖСН/БСН
![]()
(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға ұсынылады
Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу туралы өтініш
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосуды сұраймын (волонтер, волонтерлер тобы,
волонтерлер ұйымдары, волонтерлер қызметін үйлестіруші және ұйымдастырушы)
(қажеттінің астын сызу).
Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жалған мәліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Байланыс телефоны __________________________
Электрондық пошта __________________________
Толтырылған күні: 20___ жылғы "__" ___________
____________________________________________
(қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөр орны (бар болған кезде)
Волонтер сауалнамасы
1 | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | |
2 | Туған жылы | |
3 | Тұрғылықты жері | |
4 | ЖСН | |
5 | Волонтерлік қызметтегі тәжірибесі | |
6 | Байланыстың қай түрі сізге ыңғайлы | |
7 | Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp | |
8 | Волонтерлік қызметті іске асыру туралы ақпарат | |
9 | Қазіргі уақытта сіз қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз | |
9.1 | әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу | |
9.2 | қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу | |
9.3 | дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу | |
9.4 | орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету | |
9.5 | хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу | |
9.6 | қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу | |
9.7 | тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу | |
9.8 | білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу | |
9.9 | дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу | |
9.10 | саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу | |
9.11 | егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу | |
9.12 | халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу | |
9.13 | волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) | |
10 | Волонтер ретіндегі өз рөліңізді қысқаша сипаттап беріңіз? | |
10.1 |
1) өз саласында кәсіпқой маман | |
11 | Сіз үшін волонтерлік қызмет қай уақытта қолайлы? | |
11.1 |
1) еңбек демалысы/ каникул уақытында | |
Волонтерлер тобының сауалнамасы
1 | Волонтерлер тобы басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | |
2 | Туған жылы | |
3 | Тұрғылықты жері | |
4 | ЖСН | |
5 | Волонтерлер тобы басшысының волонтерлік қызметтегі тәжірибесі | |
6 | Волонтерлер тобының тізімі (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) | |
1. | ||
2. | ||
3. | ||
7 | Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp | |
8 | Волонтерлік қызметті іске асыру туралы ақпарат | |
9 | Қазіргі уақытта волонтерлер тобы қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз | |
9.1 | әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу | |
9.2 | қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу | |
9.3 | дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу | |
9.4 | орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету | |
9.5 | хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу | |
9.6 | қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу | |
9.7 | тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу | |
9.8 | білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу | |
9.9 | дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу | |
9.10 | саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу | |
9.11 | егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу | |
9.12 | халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу | |
9.13 | волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) | |
Волонтерлік ұйымның сауалнамасы
1 | Ұйымның атауы | |
2 | Тіркеу (қайта тіркеу) күні | |
3 | БСН | |
4 | Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp | |
5 | Ұйым басшысы туралы ақпарат | |
6 | Ұйым басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | |
7 | Ұйымдағы волонтерлер саны | |
8 | Ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз | |
8.1 | әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу | |
8.2 | қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу | |
8.3 | дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу | |
8.4 | орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету | |
8.5 | хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу | |
8.6 | қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу | |
8.7 | тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу | |
8.8 | білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу | |
8.9 | дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу | |
8.10 | саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу | |
8.11 | егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу | |
8.12 | халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу | |
8.13 | волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) | |
Волонтерлер үйлестірушісінің сауалнамасы
1 | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | |
2 | Туған жылы | |
3 | Тұрғылықты жері | |
4 | ЖСН | |
5 | Волонтерлік қызметтегі жұмыс тәжірибесі | |
6 | Волонтерлер үйлестірушісі ретіндегі жұмыс тәжірибесі | |
7 | Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp | |
8 | Қазіргі уақытта сіз қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз: | |
8.1 | әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу | |
8.2 | қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу | |
8.3 | дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу | |
8.4 | орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету | |
8.5 | хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу | |
8.6 | қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу | |
8.7 | тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу | |
8.8 | білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу | |
8.9 | дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу | |
8.10 | саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу | |
8.11 | егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу | |
8.12 | халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу | |
8.13 | волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) | |
9 | Сіз қанша волонтерді үйлестіресіз? | |
Волонтерлер ұйымдастырушысының сауалнамасы
1 | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) | |
2 | Туған жылы | |
3 | Тұрғылықты жері | |
4 | ЖСН | |
5 | Ұйымдастырушы туралы ақпарат (заңды тұлға үшін) | |
6 | Ұйымның атауы | |
7 | Тіркеу (қайта тіркеу) күні | |
8 | БСН | |
9 | Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp | |
10 | Негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз | |
10.1 | әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу | |
10.2 | қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу | |
10.3 | дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу | |
10.4 | орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету | |
10.5 | хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу | |
10.6 | қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу | |
10.7 | тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу | |
10.8 | білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу | |
10.9 | дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу | |
10.10 | саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу | |
10.11 | егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу | |
10.12 | халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу | |
10.13 | волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) | |
Волонтерлік бағдарлама (жоба)
1 | Бағдарламаның (жобаның) атауы | |
2 | Бағдарламаны (жоба) ұйымдастырушы | |
3 | Бағдарлама (жоба) мақсаты | |
4 | Негізгі міндеттер | |
5 | Бағдарламаны (жобаны) іске асыру әдістері | |
6 | Күтілетін нәтижелер | |
7 | Бағдарламаның (жобаның) атаулы тобы | |
8 | Бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны | |
9 | Бағдарламаны (жобаны) іске асыру мерзімдері | |
10 | Бағдарламаны (жобаны) өткізу орны мен уақыты | |
11 | Бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушылар тарапынан бағдарламаны (жобаны) өткізуге қойылатын талаптар | |
12 | Волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс |
Волонтерлік акция
1 | Атауы | |
2 | Ұйымдастырушы | |
3 | Мақсаты | |
4 | Негізгі міндеттер | |
5 | Күтілетін нәтижелер | |
6 | Нысаналы топ | |
7 | Қатысушы волонтерлер саны | |
8 | Өткізу күні мен уақыты | |
9 | Өткізу орны | |
10 | Ұйымдастырушы тарапынан өткізуге қойылатын талаптар | |
11 | Ұзақтылығы/ кезеңділігі | |
12 | Волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс |
| "Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініші" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның қосымшасы |
"Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініші" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмесі (бұдан әрі - нысан) (ВҚЕТ-1, қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін және тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда)
Осы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме "Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізуге өтінішті толтыру кезінде волонтердің, волонтерлер тобының, волонтерлік ұйымның, волонтерлер үйлестірушісінің, волонтерлер ұйымдастырушысының, волонтерлік бағдарламаның (жобаның), волонтерлік акциясының сауалнамалары ұсынылады.
Волонтер сауалнамасы келесідей толтырылады:
1 жолда өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
2 жолда өтініш берушінің туған жылы көрсетіледі;
3 жолда өтініш берушінің тұрғылықты жері көрсетіледі;
4 жолда өтініш берушінің ЖСН көрсетіледі;
5 жолда волонтердің жұмыс тәжірибесі көрсетіледі;
6 жолда байланыс тәсілі көрсетіледі;
7 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі;
8 жолда ештеңе толтырылмайды;
9 жолда ештеңе толтырылмайды;
9.1-9.13 жолдарда сіз қазіргі уақытта қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдауыңыз керек;
10 жолда ештеңе толтырылмайды;
10.1 жолда волонтер ретінде сіздің рөліңізді таңдау керек;
11 жолда ештеңе толтырылмайды;
11.1 жолда сізге волонтер болу ыңғайлы болған кезді таңдау керек.
Волонтерлер тобының сауалнамасы келесідей толтырылады:
1 жолда волонтерлер тобы басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
2 жолда волонтерлер тобы басшысының туған жылы көрсетіледі;
3 жолда волонтерлер тобы басшысының тұратын жері көрсетіледі;
4 жолда волонтерлер тобы басшысының ЖСН көрсетіледі;
5 жолда волонтерлер тобы басшысының волонтерлік қызметіндегі жұмыс тәжірибесі көрсетіледі;
6 жолда волонтерлер тобының тізімі көрсетіледі (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда));
7 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі;
8 жолда ештеңе толтырылмайды;
9 жолда ештеңе толтырылмайды;
9.1-9.13 жолдарда қазіргі уақытта волонтерлер тобының қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдау қажет.
Волонтерлік ұйымының сауалнамасы келесідей толтырылады:
1 жолда ұйымның атауы көрсетіледі;
2 жолда ұйымның тіркелген (қайта тіркелген) күні көрсетіледі;
3 жолда ұйымның БСН көрсетіледі;
4 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі;
5 жолда ештеңе толтырылмайды;
6 жолда ұйым басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
7 жолда ұйымдағы волонтерлер саны көрсетіледі;
8 жолда ештеңе толтырылмайды;
8.1-8.13 жолдарда ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдау қажет.
Волонтерлер үйлестірушісінің сауалнамасы келесідей толтырылады:
1 жолда үйлестірушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
2 жолда үйлестірушінің туған жылы көрсетіледі;
3 жолда үйлестірушінің тұратын жері көрсетіледі;
4 жолда үйлестірушінің ЖСН көрсетіледі;
5 жолда волонтерлік қызметтегі жұмыс тәжірибесі көрсетіледі;
6 жолда волонтерлік үйлестірушісі рөліндегі жұмыс тәжірибесі көрсетіледі;
7 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі;
8 жолда ештеңе толтырылмайды;
8.1-8.13 жолдарда Сіз қазіргі уақытта қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдауыңыз қажет;
9 жолда Сіз үйлестіретін волонтерлер саны көрсетіледі.
Волонтерлер ұйымдастырушының сауалнамасы келесідей толтырылады:
1 жолда ұйымдастырушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі;
2 жолда ұйымдастырушының туған жылы көрсетіледі;
3 жолда ұйымдастырушының тұрғылықты жері көрсетіледі;
4 жолда ұйымдастырушының ЖСН көрсетіледі;
5 жолда ұйымдастырушы туралы ақпарат көрсетіледі (заңды тұлға үшін);
6 жолда ұйымның атауы көрсетіледі;
7 жолда тіркеу (қайта тіркеу) күні көрсетіледі;
8 жолда ұйымның БСН көрсетіледі;
9 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі;
10 жолда ештеңе толтырылмайды;
10.1-10.13 жолдарда ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдау қажет.
Волонтерлік бағдарлама (жоба) келесідей толтырылады:
1 жолда бағдарламаның (жобаның) атауы көрсетіледі;
2 жолда бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушы көрсетіледі;
3 жолда бағдарламаның (жобаның) мақсаты көрсетіледі;
4 жолда бағдарламаның (жобаның) негізгі міндеттері көрсетіледі;
5 жолда бағдарламаны (жобаны) іске асыру әдістері көрсетіледі;
6 жолда бағдарламаның (жобаның) күтілетін нәтижелері көрсетіледі;
7 жолда бағдарламаның (жобаның) атаулы тобы көрсетіледі;
8 жолда бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны көрсетіледі;
9 жолда бағдарламаны (жобаны) іске асыру мерзімдері көрсетіледі;
10 жолда бағдарламаны (жобаны) өткізу орны мен уақыты көрсетіледі;
11 жолда бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушылар тарапынан бағдарламаны (жобаны) өткізуге қойылатын талаптар көрсетіледі;
12 жолда волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс көрсетіледі.
Волонтерлік акциясы келесідей толтырылады:
1 жолда атауы көрсетіледі;
2 жолда ұйымдастырушы көрсетіледі;
3 жолда мақсаты көрсетіледі;
4 жолда негізгі міндеттері көрсетіледі;
5 жолда күтілетін нәтижелері көрсетіледі;
6 жолда нысаналы топ көрсетіледі;
7 жолда қатысушы волонтерлер саны көрсетіледі;
8 жолда өткізу күні мен уақыты көрсетіледі;
9 жолда өткізу орны көрсетіледі;
10 жолда ұйымдастырушы тарапынан өткізуге қойылатын талаптар көрсетіледі;
11 жолда ұзақтығы/кезеңділігі көрсетіледі;
12 жолда волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс көрсетіледі.
