"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2025 жылғы 12 наурыздағы № 97-НҚ Бұйрығына қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесі
№ | Тауар | Тауарлардың атауы | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Көмір | тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері | 2701 |
гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір | 2702 | ||
2 | Битум | мұнай битумы | 2713 20 000 0 |
Автомобиль бензині | октан саны 92 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша) | 2710 12 413 0 | |
октан саны 95 немесе одан көп, бірақ 98 аз (зерттеу әдісі бойынша) | 2710 12 450 0 | ||
октан саны 98 немесе одан көп (зерттеу әдісі бойынша) | 2710 12 490 0 | ||
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын | реактивті қозғалтқыштарға арналған отын | 2710 19 210 0 | |
Дизель отыны | жазғы | 2710 19 421 0 | |
қысқы | 2710 19 422 0 | ||
арктикалық | 2710 19 423 0 | ||
маусымаралық | 2710 19 424 0 | ||
өзге | 2710 19 425 0 | ||
3 | Қант | қант | 1701 |
