Шардара ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 21-99-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 20 наурызда № 6486-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 52-273-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 20.03.2026 № 52-273-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихат төрағасы Б. Муталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады