Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 185 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 30014 болып тіркелген;
2) "Түркістан облысының әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 185 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6253-13 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
