Атырау қаласы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 94 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 наурызда № 5146-06 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 30.04.2026 № 216 шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабы 5-тармағына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланады.

      Атырау қаласы
Мәслихатының төрағасы
Н. Құрман

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады