Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 13/75 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 4700-12 болып тіркелді.

Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.02.2026 № 39/185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.02.2026 № 39/185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 18 сәуірдегі
  № 13/75 шешіміне 1 қосымша

Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 26.02.2026 № 39/185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Түпқараған ауданында, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі-көрсетілетін қызмет алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағида) айқындалған тәртіпте есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру Қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Түпқараған аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 18 сәуірдегі
  № 13/75 шешіміне 2 қосымша

Түпқараған аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2241 болып тіркелген).

      2. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 наурыздағы № 19/130 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2381 болып тіркелген).

      3. "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 25/172 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2526 болып тіркелген).

      4. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/31 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3117 болып тіркелген).

      5. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11/96 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3368 болып тіркелген).

      6. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 24/202 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3731 болып тіркелген).

      7. "Түпқараған аудандық мәслихатының 20 наурыздағы 2013 жылғы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 35/280 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4032 болып тіркелген).

      8. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 мамырдағы № 43/330 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4214 болып тіркелген).

      9. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 51/378 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4431 болып тіркелген).

      10. "Түпқараған аудандық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қазандағы № 7/43 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24924 болып тіркелген).

      11. "Түпқараған аудандық мәслихатының "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2013 жылғы 20 наурыздағы №10/76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 13/76 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 28101 болып тіркелген).

      12. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 5/36 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4590-12 болып тіркелген).

      13. "Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Түпқараған ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 7/49 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4618-12 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады