"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 105 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2718 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
