Сарқан ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 21-90 шешімі. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 26 наурызда № 181-19 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 53-204 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Сарқан аудандық мәслихатының 06.01.2026 № 53-204 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшері 4% (төрт пайыздан) 3% (үш пайызға) дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының төрағасы М. Разбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады