Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII "Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 13/243-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 мамырда № 276-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2026 жылғы 9 шiлдедегi № 35/642-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 09.07.2026 № 35/642-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма аудандық мәслихатының "Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерімен алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімінің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден" деген сөздер "1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден" деп өзгертілсін;

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында реттік нөмері 3 жолы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Оспанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады