Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданының аумағында аудандық маңызы бар "Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл" автомобиль жолын кесіп өтетін "Бөгет" сайы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 353 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 желтоқсанда № 8664-04 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданының аумағында аудандық маңызы бар "Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл" автомобиль жолын кесіп өтетін "Бөгет" сайы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілген жоба негізінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданының аумағында аудандық маңызы бар "Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл" автомобиль жолын кесіп өтетін "Бөгет" сайы үшін су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысы бойынша экология
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаменті"
республикалық мемлекеттік мекемесі
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жер ресурстарын
басқару департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 353 қаулысына 1 қосымша

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының аумағында аудандық маңызы бар "Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл" автомобиль жолын кесіп өтетін "Бөгет" сайы үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері

№

Су объектісінің атауы

Су қорғау аймақтары

Су қорғау белдеулері

Ені, метр

Жағалау сызығының ұзындығы, метр

Су объектісінің ауданы, гектар

Ені, метр

Жағалау сызығының ұзындығы, метр

Су объектісінің ауданы, гектар

сол

оң

сол

оң

1

Қарастырылып отырған учаске шегінде автомобиль жолын кесіп өтетін "Бөгет" сайы

500

561,7971

539,7203

55,0104

50-75

553,4926

549,0150

6,9571

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 353 қаулысына 2-қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

      1) мыналарды:

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

      көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

      айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

      балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

      ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

      су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

      2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

      3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

      2. Су қорғау аймақтары шегінде:

      1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

      3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

      4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

      5) зираттарды орналастыруға;

      6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

      7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады