Мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы

Қатені түзеу

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 153/19-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 8736-03 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 448/58-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы мәслихатының 30.12.2025 № 448/58-8 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабы 4-тармағының екінші абзацында белгіленген мөлшерлеме мөлшері 4%-дан 2%-ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Целиноград аудандық мәслихатының төрағасы Л.Конарбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады