Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 қазандағы № 8С 21/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 қазанда № 8844-03 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.02.2026 № 8С 36/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін"

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.02.2026 № 8С 36/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Атбасар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Н.Рахимов

  Атбасар аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 21 қазандағы
№ 8С 21/3 шешіміне
1-қосымша

Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 27.02.2026 № 8С 36/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға), Атбасар ауданында тұратындарға:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі көрсетілетін қызметті берушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне 5 (бес) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) Қағидаларға сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб - порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі мен коммуналдық қызметтерінің өткен тоқсандағы шығындары есепке алынады.

      8. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

 
  Атбасар аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 21 қазандағы
№ 8С 21/3 шешіміне
2-қосымша

Атбасар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22934 тіркелген).

      2. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 27 мамырдағы № 7С 19/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28376 тіркелген).

      3. Атбасар аудандық мәслихатының "Атбасар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 мамырдағы № 7С 4/9 "Атбасар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 23 тамыздағы № 8С 7/13 шешімі№ 8С 21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8610-03 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады