Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 мамырда № 8757-03 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.03.2026 № С-32/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.03.2026 № С-32/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласы мәслихатының төрағасы Д.Акимов

 
  Көкшетау қаласы мәслихатының
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ С-12/8 шешіміне
1-қосымша

Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 19.03.2026 № С-32/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Көкшетау қаласында аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығында тұрғын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5 (бес) пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған тәртіпте есептейді.

      5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларының 4-1 тармағына сәйкес есептейді.

      6. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, Қағидаларға сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тоқсанына бір рет ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау толық ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісі және коммуналдық қызметтерінің шығыстары алдындағы тоқсан үшін есепке алынады.

      9. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп -ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      10. Тұрғын үй көмегi тағайындау қала бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші келесі тәртіппен жүзеге асырады:

      коммуналдық қызметтерді тұтынуға өтемақы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі;

      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға үшін өтемақы, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы көрсетілетін қызметті алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.

 
  Көкшетау қаласы мәслихатының
2024 жылғы 28 мамырдағы
№ С-12/8 шешіміне
2-қосымша

Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7801 болып тіркелген).

      2. "Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 16 мамырдағы № С-17/14 шешімінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28183 болып тіркелген).

      3. "Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № С-2/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8543-03 болып тіркелген).

      4. "Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 сәуірдегі № С-42/7 "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8664-03 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады