ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 08.01.2025 қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 20.04.2026 № 207/НҚ (01.05.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 30.04.2026 № 224/НҚ (01.05.2026 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 8 қаңтарда қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы |
К. Тулеушин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі