БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндеттерін уақытша атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 25, 52-тармақтарына сәйкес ғылыми зерттеулер жүргізуге;".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі