Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Түркістан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 292 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2821 болып тіркелген);
2) "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі "Оңтүстік Қазақстан облысындағы арнайы комиссияның ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6032 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
