Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
2. | Бейнеу ауылы | "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараттарының жанындағы тақта |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Р. Шалбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы
