"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы әкімдігінің "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 42-18 болып тіркелген) күші жойылсын.
2. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары | |
| Ш. Байбеков |
