Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы | А.Бралина |
| Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-3-2 шешіміне қосымша |
Жақсы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,98 |
2 | Жатақханалар, интернаттар және сол сияқты объектілер | 1 орын | 0,72 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,51 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,38 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,55 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,63 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,25 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,32 |
10 | Кинотеатрлар, концерт залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,10 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіптік-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,34 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,44 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,20 |
17 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай кұю станциялары | 1 машина-орын | 2,02 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,9 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,72 |
21 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,43 |
22 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,52 |
23 | Аудан аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,001 |
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 – шаршы метр;
м3 – текше метр.
