"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бұзылық ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі Бұзылық ауылының көшелері, тұйық көшелері қайта аталсын:
Садовая көшесі Береке көшесіне;
Молодежная көшесі Батырхан Шүкенов көшесіне;
Мичурин көшесі Томирис көшесіне;
Рассветная көшесі Рауан көшесіне;
Степная көшесі Ұлы дала көшесіне;
Каракольская көшесі Қаракөл көшесіне;
Октябрьская көшесі Әбілхан Қастеев көшесіне;
Целинная көшесі Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Солнечная көшесі Шуақты көшесіне;
Больничный тұйық көшесі Ақниет тұйық көшесіне;
Почтовый тұйық көшесі Ақжол тұйық көшесіне;
Промзона көшесі Өнеркәсіп көшесіне.
2. Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі Сұрған ауылының көшелері қайта аталсын:
Вокзальная көшесі Жамбыл көшесіне;
Школьная көшесі Амангелді Иманов көшесіне;
Зеленая көшесі Лев Гумилев көшесіне;
Новая көшесі Болашақ көшесіне;
Карьерная көшесі Есіл көшесіне;
Октябрьская көшесі Қызғалдақ көшесіне;
Чапаев көшесі Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Пролетарская көшесі Жағалау көшесіне;
Автомобилистов көшесі Арман көшесіне;
Советская көшесі Жайлау көшесіне;
Элеваторная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;
Зеленая көшесі Атамекен көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бұзылық ауылдық округінің әкімі | А.Искаков |
