ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 12, 13, 14, 16-тармақтарына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қатты пайдалы қазбалар жөніндегі жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 98 Бұйрыққа қосымша |
"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 12, 13, 14, 16-тармақтарына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) қосымша Келісім жасасу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.
3. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен бекітілген, өзгертілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның көрсетілу тәртібі туралы ақпаратты өзектендіріп, Мемлекеттік корпорацияға және мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
5. Қатты пайдалы қазбалар бойынша "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушы Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы өтінішті (онда келісімшартқа енгізуге ұсынылған өзгерістер, олардың негіздемесі және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажет өзге де мәліметтер жазылған) және Тізбенің 10 -тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды (сараптама комиссиясының қарауына) ұсынады.
Өтінішті ЖҚПБП-да тіркеген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Құжаттары қоса тіркелген өтініш ЖҚПБП-да бірегей есептік нөмірлер беріліп, тіркелу күні мен уақыты (сағат, минут) көрсетіліп тіркеледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы дұрыс емес құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне осы Қағидаларға берілген 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартуын (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды ЖҚПБП арқылы сараптама комиссиясы мүшелерінің жеке кабинеттеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясының қарауына жібереді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-параграф. Сараптама комиссиясының қарауы
9. Сараптама комиссиясы келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында не келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
10. Сараптама комиссиясы өтінішті қарайды және өз ұсынымдарын құжаттарды қарауға енгізген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
11. Сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде көрсетілетін қызметті беруші сараптама комиссиясының ұсынымдары келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуден бас тарту туралы немесе сараптама комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы шешім шығарады.
12. Алып тасталды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Жұмыс тобының қарауы
13. Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП арқылы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (жұмыс тобының қарауына) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішті (онда келісімшартқа ұсынылатын өзгерістер, олардың негіздемесі және өтініш бойынша шешім қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтер баяндалған) және Тізбенің 10-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерді көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс тобы жүргізеді. Жұмыс тобы туралы ережені және оның құрамын көрсетілетін қызметті беруші бекітеді.
15. Келіссөздер жер қойнауын пайдаланушы көрсетілетін қызметті берушіге толықтыру жобасын және өзге де қажетті құжаттарды жұмыс тобының қарауына ұсынған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде жүргізіледі. Тараптардың келісімі бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
16. Келіссөздер нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
Жұмыс тобының хаттамасына жұмыс тобының барлық қатысушылары отырыс өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖҚПБП арқылы ЭЦҚ көмегімен қол қояды.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тізбенің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға ЖҚПБП арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты және орны (тәсілі) туралы хабарландыру жолдайды.
Тыңдауды өткізу туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырылады. Тыңдау хабарлама орналастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 11-тармағында көрсетілген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП жеке кабинетіне дәлелді бас тартуды жібереді.
Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қатысты бөлігінде бас тарту үшін негіздер бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды жасап, оны ЖҚПБП арқылы Бас прокуратураға келісуге жібереді.
Бас прокуратура алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешіммен келіседі немесе келісуден бас тартады.
Бас прокуратурамен келісу қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны Бас прокуратураның жауабы келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін қозғайтын болса, жұмыс тобының шешімі негізінде көрсетілетін қызметті беруші ЖҚПБП арқылы көрсетілген жобаны экономикалық сараптамаға қол қойылғанға дейін жібереді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 530 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17057 болып тіркелген) 3-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын экономикалық сараптамаға кейіннен жолдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге ЖҚПБП немесе электрондық құжатайналым жүйесі арқылы ұсынады.
Қайта экономикалық сараптама жүргізілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы экономикалық сараптамаға келісімшартқа енгізілетін толықтырудың пысықталған жобасын ЖҚПБП арқылы дербес жолдауға құқылы.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Жұмыс тобы мақұлдаған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар жобасын және осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыру жобасын алған көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасуға (қол қоюға) көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтінішті және Тізбенің 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде Қосымша келісімнің жобасын ұсынады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Көрсетілетін қызметті беруші 20-тармақта көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа толықтыруға қол қояды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
22. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына |
|
| 1-қосымша |
"Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 30.04.2026 № 216 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ. |
3. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі. |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілі | Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсемемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі |
1) Өтініштің дұрыстығын қарау және сараптама комиссиясына енгізу – 5 жұмыс күні. |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі | Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі. |
9. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) ЖҚПБП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.); |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Жер қойнауын пайдалану жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу мәселелері: |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтердің) шындыққа сәйкес еместігін анықтау; |
12. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланысу орталығы: 1465. |
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы өтініш (сараптама комиссиясының қарауына)
Осы өтінішпен __________ келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші (келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) ______________(жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/ заңды тұлғаның атауын көрсету)
(ұсынылған өзгерістерді көрсету) сұрайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішке қосымша беріледі:
1)_______________________________________________________________
2)_______________________________________________________________…
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___" ___________
Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтінішті одан әрі қараудан дәделді бас тарту
Нөмірі: Берілген күні: (Өтініш берушінің атауы)
(орталық мемлекеттік орган)
Сіздің 20__ жылғы "__" _____ №____ өтінішіңізді қарастырып,
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
______________________________________(бас тарту себебі) хабарлайды.
(Қол қоюшының лауазымы)
(Қол қоюшының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу туралы өтініш (жұмыс тобының қарауына)
Осы өтінішпен __________ келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші (келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) ______________(жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/ заңды тұлғаның атауын көрсету)
(ұсынылған өзгерістерді көрсету) сұрайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішке қосымша беріледі:
1)__________________________________________________________________
2)_______________________________________________________________…
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___" ___________
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасуға (қол қоюға) өтініш
Осы өтінішпен ______________(келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуші (келісімшарттың нөмірі мен тіркелген күні) __________ (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда)/ заңды тұлғаның атауын көрсету) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа қосымша келісім жасасуды сұрайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 4-тармағына сәйкес анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыс екенін растаймын.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінішке қосымша беріледі:
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________…
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20__ жылғы "___" ___________
