"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 10 қазандағы № 726 Бұйрығымен бекітілген |
"Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заңға (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету) – "Заңды тұлғалар" Мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) өтініштен заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауына өзгертілген мәліметтерді енгізуді арқылы жүзеге асырылады.
3. Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауын өзектендіру (түзету) – заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауында қате жіберілген жағдайда жүзеге асырылады.
4. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) мемлекеттік қызметті коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қатысты көрсетеді.
5. Республикалық және өңірлік мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, оның ішінде саяси партиялардың, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасының, Қазақстанның Төрелік палатасының, Республикалық Заң консультанттары алқасының, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) Министрлік жүзеге асырады.
6. Құрылған, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың және олардың филиалдар мен өкілдіктердің, жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктердің, заңды тұлғалардың қорлары мен бірлестіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
7. Коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің атауын өзектендіруді (түзетуді) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары жүзеге асырады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың қабылданғаны туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына үш жұмыс күні ішінде жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжатты Мемлекеттік корпорацияның филиалдары немесе "цифрлық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы түріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда және/немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
11. Осы Қағидалардың 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш келіп түскен кезде заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімнің) басшысы 20 минут ішінде орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді.
Орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің атауын түзету туралы мәліметтерді ЗТ МДҚ енгізеді.
Тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіру (түзету) туралы хабарлама (бұдан әрі – атауды өзектендіру туралы хабарлама) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына келісуге және қол қоюға жіберіледі.
Басшылық заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруге (түзетуге) қол қойғаннан кейін орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған портал арқылы қызметті алушының "жеке кабинетіне" не Мемлекеттік корпорацияға атауды өзектендіру туралы хабарламаны жібереді.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған порталдағы "жеке кабинетке" не Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.
13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес киберқауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) және қызметті алушыны дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда оператор цифрлық жүйенің істен шығу себептерін айқындау анықтау жөнінде шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Заңды тұлғалардың, филиалдар | |
| мен өкілдіктердің атауын | |
| өзектендіру (түзету)" | |
| мемлекеттік көрсетілетін | |
| қызмет қағидаларына | |
| 1-қосымша |
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) БСН
_________________________________________________________________
2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауын өзектендіру (түзету) үшін негіздеме
___________________________________________________________
__________________________________________________________________
3. Түзету себебі ______________________________________________________
(өтініш беруші мәтінмен түзетудің себебін не негіздемесін көрсетеді)
4. Заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің атауы
_________________________________________________________________
5. Мемлекеттік тілдегі толық атауы (қажет болған жағдайда)
__________________________________________________________________
6. Орыс тіліндегі толық атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
7. Мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
8. Орыс тіліндегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)
___________________________________________________________________
9. Ағылшын тіліндегі толық атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
10. Ағылшын тіліндегі қысқаша атауы (қажет болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және қолы ______________
Цифрлық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін_________
20__ жылғы "___"__________ (қолы)
Өтiнiшке: ___________________________________________
өзектендіруді (түзетуді) жүргізу үшін құжат-негіздеме (қажет болған жағдайда) қоса берiледі.
| "Заңды тұлғалардың, филиалдар | |
| мен өкілдіктердің атауын | |
| өзектендіру (түзету)" | |
| мемлекеттік көрсетілетін | |
| қызмет қағидаларына | |
| 2-қосымша |
"Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| "Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің атауын өзектендіру (түзету)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
"Заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіру (түзету) туралы хабарлама
Тіркеуші органның атауы _______________________________________.
20__ жылғы "_"_____№:____өтініш бойынша ұсынылған құжаттарды қарап және
заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің архив ісінің материалдарын зерделеп,
заңды тұлғаның, филиал және өкілдіктің атауын өзектендіргенін хабарлайды.
Тіркеуші _____________________________ _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Басшы ___________________________ М.О. _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_______________________________
қолы
| "Заңды тұлғалардың, филиалдар | |
| мен өкілдіктердің атауын | |
| өзектендіру (түзету)" | |
| мемлекеттік көрсетілетін | |
| қызмет қағидаларына | |
| 4-қосымша |
"Заңды тұлғаның, филиалдың және өкілдіктің атауын өзектендіруден (түзетуден) бас тарту туралы хабарлама
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш №: ______________________ күні ______________________________
Бас тартуға негіз: _______________________________________________
___________________________________________________________
__________________________________________________________________
(дәлелді бас тарту мәтінін көрсетілетін қызметті беруші қалыптастырады)
Аталған құжат Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 62-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
"Заңды тұлға" мемлекеттік дерекқорынан алынған және тиісті тіркеуші органның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.07.2026 № 721 (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)_______________________________ ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті
"____________________________________" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
_____________________________________________(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), қолы)
Орындаушы: берушінің аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), тегі ___________ Телефоны __________
Алдым:
берушінің тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), /көрсетілетін қызметті алушының қолы ______________ 20__ жылғы "___" _________
