Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32445 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі
2023 жылғы 3 мамырдағы
№ 140 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10606 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық аулау қағидаларында:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Заңның 35-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпшілік балық аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға:

      1) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаты;

      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелерімен балық шаруашылығын жүргізуге шарты болған кезде беріледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау әртүрлі жабдықтармен (жылтырауық, мормышка, воблер, мушка және басқа да еліктіргіштер) қамтылған қармақсаптардың барлық түрлерімен, сондай-ақ, лақтырма қармақтармен және жерлицалармен жүргізіледі. Балық аулау кезінде сүзекі тек көмекші құрылғы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      Шаян аулағыштардың саны бір балық аулаушыға үш данадан аспауы тиіс.

      Су астындағы аң аулауға арналған мылтықтар рекреациялық балық аулауға арналған және халықтың демалыс аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерде жануарлар дүниесін пайдаланушы белгілеген орындарда пайдалануға рұқсат етіледі.".

      2. "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидалардың 1-қосымшасында жазылған.

      Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері бойынша алып қою квотасын алуға өтінім немесе балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын алуға өтінім түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты қызметкерге орындауға береді.

      Жауапты қызметкер 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың бекітілген лимиттері негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталарды бөлу туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Осы Қағидалардың Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдер қабылдайды:

      1) аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою квотасын бөледі;

      2) Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.".

      3. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 24.09.2026 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады