БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кредиторлар талаптары тізілімінің нысандарын, оны уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 456 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20592 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кредиторлар талаптарының тізілімін уақытша әкімшімен және уақытша басқарушымен қалыптастыру қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкімші оңалту туралы іс қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілім қалыптастырады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Уақытша әкімші оңалту туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірілмейтін мерзімде аумақтық мемлекеттік кірістер органының интернет-ресурсына орналастыру үшін тізілімді жібереді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
