Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31809 болып тіркелді.

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 9-бабының  22) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабының 9) тармақшасына, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
1-қосымша

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының (бұдан әрі – Академия) магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсуге үміткерлерді қабылдау тәртібін анықтайды.

      1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақшаның осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      1) ақпараттық автоматтандырылған деректер базасы (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – құқық қорғау қызметіне түсу мәселелері персоналды жоспарлауға, іріктеуге (қабылдауға) және басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен.

      Ескерту. Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Магистратурада және докторантурада кадрларды даярлау күндізгі оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ қашықтан оқытуды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      3. Академия магистранттары мен докторанттарының контингентін қалыптастыру:

      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

      2) қашықтан оқыту бойынша, сондай-ақ бюджеттен тыс немесе білім алушының өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы қабылдау жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысының және қабылдау жоспарының көлемі оқыту қажеттіліктеріне сәйкес айқындалады.

      Оқыту қажеттілігі:

      1) тікелей басшымен, ол Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерін және әскери қызметшісін қызметтік міндеттерді орындауға қажетті оның құзыреттері мен дағдыларын дамыту үшін оқуға жіберу туралы шешім қабылдайды;

      2) Академия Қазақстан Республикасының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне сауалнама жүргізу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарының және шетел азаматтарының өтінімдері негізінде айқындалады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-1. Академия магистратура мен докторантураға қабылдауды:

      1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерін республикалық бюджет есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын бюджеттен тыс немесе өз қаражаты есебінен оқуға ақы төлеу арқылы жүзеге асыра алады.

      Ескерту. Қағидалар 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Академияның магистратурасына және докторантурасына үміткерлерді қабылдау оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      5. Магистратураға және докторантураға түсетіндердің құжаттарын қабылдау ақпараттық жүйе арқылы мынадай мерзімдерде:

      1) күнтізбелік жылдың 1 сәуірі - 25 шілдесі аралығында;

      2) күнтізбелік жылдың 25 қазаны - 20 қарашасы аралығында (ваканттық қабылдау орындары болған кезде) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-1-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      5-1. Магистратура мен докторантураға құжаттарды беру және түсу емтихандарын тапсыру үшін үміткер ақпараттық жүйеде жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) көмегімен тіркеуден өтеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-1-тармақтың екінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Үміткерді тіркеу рәсімінен кейін жеке кабинет ақпараттық жүйеде автоматты түрде құрылады.

      Тіркелген үміткерлердің жеке кабинетке кіруі электрондық цифрлық қолтаңба және авторландырудың өзге де тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-2-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      5-2. Ақпараттық жүйеде тіркелу кезінде үміткер құпиялылық саясатымен, пайдаланушы келісімімен танысуға, дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзінің келісімін растауға және мынадай міндеттемелерді қабылдауға міндетті:

      1) интернет желісіне кемінде 10 мб/сек жылдамдықпен қосылған дербес компьютерге, сондай-ақ дұрыс жұмыс істейтін веб-камера мен микрофонға қолжетімділіктің болуы туралы, көрсетілген компьютерлік техника болмаған жағдайда үміткер аумақтық құқық қорғау органдарының арнайы жабдықталған үй-жайларында іріктеу кезеңдерінен өтуге келісім береді;

      2) үміткер осы Қағидалардың талаптарын сақтамаған, дәйексіз ақпарат пен құжаттар ұсынылған жағдайларда құжаттарды қабылдаудың және түсу емтиханын тапсырудың кез келген кезеңінде алып тастауға келісім туралы міндеттемелерді қабылдайды.

      Ескерту. 1-тарау 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-3. Тіркелгеннен кейін үміткерге кездейсоқ тәртіпте жеке нөмір беріледі, ол қабылдаудың барлық кезеңдерінде үміткердің деректерін иесіздендіру үшін қолданылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-4. Тіркелген үміткерлердің жеке кабинетке кіруі екі факторлы аутентификацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Түсу емтихандары мынадай мерзімдерде:

      1) күнтізбелік жылдың 10-20 тамызы аралығында, оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен;

      2) күнтізбелік жылдың 25 қарашасы - 10 желтоқсаны аралығында (ваканттық қабылдау орындар болған кезде), оқуға қабылдау – күнтізбелік жылдың 10 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.

      Қабылдау туралы Академия ректорының бұйрығы күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін және күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін (ваканттық қабылдау орындар болған кезде) қабылданады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құжаттарды және түсу емтихандарын қабылдау мерзімдері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкін.

2-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі

      8. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.

      Бейіндік бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.

      Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2025 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметіңде кемінде бес жыл немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл, оның ішінде құқық қорғау органдарында лауазымдарда кемінде үш жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.

      Бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген адамдар ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген кезде қабылданады.

      Бейіндік докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл, оның ішінде құқық қорғау органдарында лауазымдарда кемінде үш жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.

      Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға "магистр" дәрежесі немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2025 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес демалыста болған қызметкер, Академияның магистратурасына және докторантурасына демалыстан шыққан және құқық қорғау органдарында штаттық лауазымға тағайындалған кезде оқуға қабылданады.

      Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды- ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Академияның магистратурасы мен докторантурасына құжаттарды қабылдауды және оқуға түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады, оның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

      11. Қабылдау комиссиясының құрамы төрағадан, хатшыдан және комиссияның кемінде үш мүшесінен құрылады.

      Академия ректоры қабылдау комиссиясының төрағасы болып табылады, ол қабылдау комиссиясының қызметін басқарады.

      Қабылдау комиссиясының хатшысы болып Академия қызметкері тағайындалады.

      12. Қабылдау комиссиясы:

      1) осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және үміткерлердің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.

      2) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін қалыптастырады;

      3) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау туралы мәселені қарастырады;

      4) оқуға үміткерлерді қабылдау қорытындыларын талдайды және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 23.12.2025 № 164 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес іске асырылады. Қабылдау комиссиясының отырыстары қажеттілікке байланысты өткізіледі.

      14. Қабылдау комиссиясының шешімдері еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді және бекітілген құрамның кемінде үштен екісі болған жағдайда дауыстың қарапайым көпшілігімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының пікірі шешуші болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      15. Академияның магистратурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған Академия ректорының атына баянат;

      2) жоғары білім туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), ал шетелдік білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін нострификация процедурасын өткенін растау немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес деп тану құжаттарын;

      3) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттың көшірмесін (ол бар болған жағдайда);

      4) құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі туралы анықтама;

      5) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімін (олар бар болған жағдайда);

      6) ғылыми стипендиялар мен гранттар беру туралы сертификаттарды (олар бар болған жағдайда);

      7) ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны дипломдар көшірмесін (олар бар болған жағдайда);

      8) Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қатысқанын растайтын анықтаманы (олар бар болған жағдайда);

      9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР-ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-У нысанындағы электрондық форматтағы медициналық анықтаманың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) көшірмесін;

      10) 10 мбайттан аспайтын 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет;

      11) шетел азаматтарын қоспағанда, шет тілі бойынша тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртектің көшірмесі ұсынады.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды үміткер өз қолымен жүктейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      16. Академияның докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер цифрлық жүйе арқылы қабылдау комиссиясына:

      1) осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;

      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (құжаттың қосымшасымен бірге), шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін нострификация процедурасын өткенін растау немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес деп танылғанын растайтын құжаттарды;

      3) негізгі дипломға педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламаларды игергені туралы куәліктің көшірмесін (бейінді бағыттағы магистратураны бітірген үміткерлер үшін) ұсынады.

      Қағидалардың 15-тармағында және осы тармағында көрсетілген құжаттарды үміткер өз қолымен жүктейді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16-1. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      18. Қабылдау комиссияның хатшысы ақпараттық жүйе арқылы үміткерлердің құжаттарын тексереді және осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарына сәйкес болған кезде баянат келіп түскен күні құжаттардың қабылданғанын растайды, сондай-ақ түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат береді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      19. Үміткер осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған кезде қабылдау комиссиясының хатшысы ақпараттық жүйе арқылы тиісті негіздемемен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Оқуға үміткер құжаттарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімде қайта жібере алады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қабылдау комиссиясының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес қаралады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 12.04.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

      21. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Академияның магистратурасына, докторантурасына түсетін үміткерлер:

      1) шет тілі бойынша (таңдауы бойынша ағылшын, неміс, француз);

      2) мамандық бойынша түсу емтихандарын тапсырады.

      Мамандығы бойынша емтиханға шет тілі бойынша кемінде 25 балл жинаған үміткерлер жіберіледі.

      Осы Қағидалардың 3-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар Академияның қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу қорытындылары бойынша оқуға қабылданады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуіне ие үміткерлер шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады:

      1) магистратураға:

      ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл – кемінде 6;

      TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 60;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/ деңгейі B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/ деңгейі B2);

      француз тілі: TFI (Test de Franзais International™), DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise), DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise), TCF (Test de connaissance du franзais) – кемінде деңгейі B2.

      2) докторантураға:

      ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 5,0;

      TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 35;

      TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm), шекті балл – кемінде 417;

      TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн)), шекті балл – кемінде 550;

      Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест), шекті балл – кемінде 80;

      неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, NіveauВ1/В1 деңгейінен төмен емес), TestDaF-Prufung (Nіveau В1/В1 деңгейінен төмен емес);

      француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – В1 деңгейінен төмен емес, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – В1 деңгейінен төмен емес, TCF (Test de connaіssance du franзaіs) – В1 деңгейінен төмен емес.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Шет тiлдерi бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлiгiнің Ұлттық тестiлеу орталығы әзірлеген технология бойынша жүргізіледі.

      Мемлекеттік немесе ресми тілі ағылшын тілі болып табылатын елдерде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарының мамандандырылған аккредиттеуі бар шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 5 жыл ішінде білім алған адамдар:

      1) қазақ немесе орыс тілінде білім беретін магистратураға шет тілі (ағылшын тілі) бойынша түсу емтихандарынан босатылады;

      2) докторантураға түсу үшін осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарды ұсынбайды.

      Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін қабылдау комиссиясы тексереді.

      26. Магистратураға, докторантураға түсушілер үшін түсу емтиханы білім берудің алдыңғы деңгейлеріндегі білім беру бағдарламалары көлемінде өткізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың екінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Түсу емтиханын өткізу регламенті Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі және Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың үшінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Мамандық бойынша түсу емтихандары кешенді тестілеу (КТ) және кейістік тапсырмаларды шешу түрінде ақпараттық жүйе арқылы өткізіледі.

      Мамандық бойынша түсу емтиханы осы Қағидаларға 2-1-қосымшада көрсетілген пәндер бойынша өткізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың төртінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Академияның магистратурасына, докторантурасына мамандығы бойынша түсу емтиханын өткізу (түсу емтиханын өткізу күні, уақыты және орны) туралы ақпарат түсу емтиханы басталғанға дейін Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      Магистратураға, докторантураға түсу емтиханының бағдарламасын, тестілік сұрақтарын және кейістік тапсырмаларын Академия өздігінше қалыптастырады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың алтыншы абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      26-тармақтың алтыншы абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы Академия Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі және Академияның интернет-ресурсында, сондай-ақ ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      27-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      27-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      27. Түсу емтихандарының нәтижелері олар өткізілген күні Академияның ақпараттық жүйесінде және интернет-ресурсында жарияланады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      29. Мамандық бойынша магистратура мен докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және даулы мәселелерді шешу мақсатында төрағадан және кем дегенде комиссияның екі мүшесінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

      Апелляциялық комиссияның құрамы Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі.

      Апелляциялық комиссия магистратураға немесе докторантураға түсетін үміткерлерден емтихан материалдарының мазмұнымен, оның ішінде техникалық себептерге байланысты мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспейтін өтініштерді қабылдайды және қарайды.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      30-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      30-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      30. Магистратураға немесе докторантураға оқуға түсетін үміткер ақпараттық жүйе арқылы апелляциялық комиссия төрағасының атына түсу емтиханының нәтижелерi жарияланғаннан кейiнгі келесi күнгi сағат 13:00-ге дейiн апелляцияға өтiнiш береді және апелляциялық комиссия өтiнiшті берген күннен бастап бiр жұмыс күні iшiнде қарайды.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Апелляциялық комиссия әрбір үміткермен жеке тәртіпте онлайн-форматта жұмыс істейді. Үміткер апелляциялық комиссияның отырысына қосылмаған жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді.

      33. Апелляция комиссияларының хаттамалары отырыс өткізілген кезден бір жұмыс күні ішінде Академияның қабылдау комиссиясына беріледі.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Магистратураға және докторантураға қабылдау тәртібі

      34. Тиісті білім беру бағдарламалары бойынша магистратураға, докторантураға оқуға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 100 балдық бағалау жүйесі шкаласына сәйкес мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижесінде мүмкін болатын 100 балдан магистратураға шекті балл кемінде 75 балл, докторантураға кемінде 80 балл жинаған үміткерлер конкурстық негізде қабылданады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34-1. Қабылдау комиссиясы тиісті білім беру бағдарламалары бойынша магистранттар мен докторанттар қатарына қабылдау туралы хаттама жасайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-1-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-1-тармақтың екінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Білім беру бағдарламалары бойынша бос қабылдау орындары болған жағдайда қабылдау комиссиясы магистратураға арналған мамандық бойынша кіру емтихандарының қорытындысы бойынша кемінде 75 балл, докторантураға кемінде 80 балл жинаған және Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйесінде конкурстан өтпеген үміткерлер арасында конкурс жариялайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-1-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-1-тармақтың үшінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      Бос қабылдау орындарын иеленуге арналған конкурсқа қатысушылардың тізімі үміткерлердің баянаттары негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.

      Қабылдау комиссиясының шешімімен үміткерлер осы Қағидалардың 35-тармағының талаптарына сәйкес бір білім беру бағдарламасынан магистратура немесе докторантураның басқа білім беру бағдарламасына қайта бөлінеді.

      Ескерту. 4-тарау 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Конкурстық баллдар тең болған жағдайда құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі көбірек (күнтізбелік күндері), одан кейін дипломның орташа баллдары жоғары үміткерлер басымдыққа ие болады.

      Әрі қарай ғылыми-педагогикалық жетістіктері ескеріледі:

      1) ғылыми, оның ішінде рейтингісі жоғары ғылыми басылымдардағы жарияланымдары;

      2) ғылыми әзірлемелері туралы куәліктер;

      3) ғылыми стипендиялар мен гранттар берілгендігі туралы сертификаттар;

      4) ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар немесе дипломдар;

      5) Академияның ғылыми-білім беру қызметіне қатысқанын растайтын анықтамалар.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      36-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      36-тармақтың бірінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 бұйрығымен.

      36. Қабылдау комиссиясының хаттамасы негізінде Академия ректоры үміткерлерді магистратура және докторантура білім алушыларының санына қабылдау туралы бұйрық шығарады, ол Академияның интернет-ресурсында және ақпараттық жүйеде орналастырылады.

      Магистратураға мен докторантураға қабылданған үміткерлер Академияға:

      1) кадрларды тіркеу бойынша жеке парақты;

      2) соңғы қызмет кезеңі бойынша аттестаттау парағының көшірмесін;

      3) кадр қызметі берген құқық қорғау қызметіндегі өтілі туралы анықтаманы;

      4) соңғы арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру туралы бұйрықтардан үзіндіні;

      5) болжанатын зерттеу тақырыбы шеңберінде құқық қорғау органынан жоспар-тапсырманы;

      6) диссертациялық зерттеуді (жобаны) орындау кезінде үміткерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын құқық қорғау органының қызметкері туралы мәліметтерді ұсынады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Қабылдау комиссиясы жұмысын аяқтаған соң Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қабылдау нәтижелері бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар Академияның магистратурасына және докторантурасына қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерiн жолдайды.

      38. Осы Қағидаларда реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиясы "Құқық қорғау қызметі туралы" және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте шешеді.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдарының
академиясына оқуға қабылдау
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясының ректоры
_______________________________
(ректордың Т.А.Ә. (ол болған кезде)
______________________________
(оқуға түсуге үміткердің Т.А.Ә.
(ол болған кезде), сыныптық шені/
арнайы атағы, лауазымы, телефоны)

Баянат

      Сізден Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары

      академиясының

      _________________________________________________ білім беру бағдарламасы бойынша

      ______________________________________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша

      _______________________________________________________________________________

      (білім беру бағдарламасының, кадрларды даярлау бағытының коды және атауы)

      ___________________________________________________________________оқыту мерзімі

      _______________________________________________________________________________

      (күндізгі оқыту нысаны бойынша/қашықтан оқыту)

      ______________________________________________________________нысаны бойынша

      магистратурасына/ докторантурасына (керегінің астын сызу керек) оқуға түсу үшін маған түсу

      емтихандарын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Шет тілі бойынша емтихан тапсыру тілі ____________________________________________

      (емтихан тапсыру тілін көрсету керек)

      Құқық қорғау органдарында қызмет өтілім _________________________________________

      (құқық қорғау органдарындағы қызмет өтілін көрсету)

      _______________________________________________ (оқуға үміткердің қолы, күні)

      Келісілді

      ______________________________________________________________________________

      (оқуға үміткердің тікелей басшысының Т.А.Ә, (бар болған жағдайда), қолы)

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдарының
академиясына оқуға қабылдау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясына оқуға
қабылдау қағидаларына
2-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу емтиханын тапсыруға арналған пәндер тізбесі

      Ескерту. 2-1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білім беру бағдарламасының атауы

Пәндер атауы

1.

7М04203 - Құқықтану
(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Мемлекет және құқық теориясы;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы;
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.

2.

7M12301 - Құқық қорғау қызметі (бейіндік бағыт, оның ішінде қашықтан оқыту)

Мемлекет және құқық теориясы;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық- процестік құқығы;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы.

3.

7M12303 - Құқық қорғау қызметі (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Мемлекет және құқық теориясы;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық- процестік құқығы;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы.

4.

8D04201 - Құқықтану
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
 

Құқықтың жалпы теориясының заманауи проблемалары

5.

8D12301 - Құқық қорғау қызметі (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы

6.

8D12302 - Құқық қорғау қызметі
(бейіндік бағыт, оның ішінде қашықтан оқыту)

Қазақстан Республикасының заңнамасын құқық қорғау қызметінде қолданудың теориясы мен практикасы

  Жоғары оқу орнынан кейінгі
білім берудің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
жанындағы Құқық қорғау
органдары академиясына оқуға
қабылдау қағидаларына
3-қосымша

100-балдық бағалау жүйесінің шкаласы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 06.05.2026 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Емтихан бөлімдері

Баллдар

Кешенді тестілеу

90

Кейістік тапсырма

10

Барлығы

100

      Ескерту: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсу үшін 100-балдық бағалау жүйесінің шкаласы

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылды деп танылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12000 болып тіркелген).

      2. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 117 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12139 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 172 бұйрығының 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14554 болып тіркелген).

      4. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Оқуға қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 70 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15435 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім беру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 134 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17866 болып тіркелген)

      6. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 83 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20933 болып тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 3 шілдедегі № 95 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23425 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады