Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 91 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 маусымда № 28361 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекiтілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
23 мамырдағы № 91 қаулысына
1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.12.2025 № 300 қаулысымен (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекен

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері

Тәрбиеле нушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

Туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлсіреген және жиі ауыратын балалар тобында 10,5 сағаттық болу режимі бар

10,5 сағаттық режимі бар түзету түріндегі топта

Толық емес күн болатын топта, жалпы білім беретін мектеп жанындағы мектепалды даярлық сыныбында

қала

22666

56 891

52437

84798

101797

25164

ауыл

12589

63 315

58147

95505

115180

28019

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
23 мамырдағы № 91 қаулысына
2-қосымша

Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 26.12.2025 № 300 қаулысымен (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

Аймақтың атауы

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері

Тәрбиеле- нушілер саны

Балабақша/ бөбекжай (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Балалар толық күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Балалар жарты күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (3 жасқа дейін/ 3 жастан бастап)

1

Ақжайық ауданы

1415

13500/14000

10000/10500

-

14500/15000

2

Бәйтерек ауданы

2048

19570/23140

19570/23140

-/11685

38600/39940

3

Бөкей ордасы ауданы

642

15800/16000

-

-

-

4

Бөрлі ауданы

663

17000/18000

-

-

-

5

Жаңақала ауданы

1020

12600/15750

12600/-

-

17346/17884

6

Жәнібек ауданы

696

13000/17000

-

-

-

7

Казталов ауданы

1597

14300/17300

10000/ 10000

-

12000/ 12000

8

Қаратөбе ауданы

745

19800/22000

-

-

19800/22000

9

Сырым ауданы

766

13783/17390

0/17390

-

18000/20000

10

Тасқала ауданы

658

17730/20895



16000/18000

11

Теректі ауданы

1770

16000/18000

-

-

18000/20000

12

Шыңғырлау ауданы

569

17695/21358

-

-

-

13

Орал қаласы

19950

19000/21000

-/18000

-

50000/50000

14

Ақсай қаласы

2716

24000/25000

-

-

50000/55000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады