Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | Д. Рыпаков |
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 4 қарашадағы № 20/181-VII шешіміне қосымша |
|
| Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ертіс өзені бассейні | |||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 147,3 |
2 | Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге /1000 текше метр | 423,3 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 текше метр | 119,2 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 текше метр | 119,2 |
5 | Су энергетика | теңге /1000 киловатт-сағат | 44,4 |
6 | Су көлігі | теңге /1000 тонна- километр | 16,4 |
