"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауылы халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастикалық комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылдық округінің Май ауылының көшелері қайта аталсын:
Есенин көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
40 лет Каз ССР көшесін Мағжан Жұмабаев көшесіне;
40 лет Октября көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Карл Маркс көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;
Чкалов көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесіне;
Ленин көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Май ауылдық округінің әкімі | Е. Шурманов |
