Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Федоров аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Исенгазин |
| Федоров | |
| аудандық мәслихатының | |
| 2022 жылғы 27 сәуірдегі | |
| № 124 шешіміне | |
| қосымша |
Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталған жылдық нормасы, текше метр |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,95 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,04 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,00 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,42 |
4 | Бөбекжай | 1 орын | 0,52 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,33 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,17 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
8 | Дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,35 |
9 | Концерт залдары | 1 отыратын орын | 0,09 |
10 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,017 |
11 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1м² | 0,008 |
12 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1м² | 0,26 |
13 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1м² | 0,21 |
14 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м² | 0,12 |
15 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м² | 0,14 |
16 | Дәріханалар | сауда алаңы 1м² | 0,11 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,25 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,73 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,21 |
20 | Тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1м² | 0,20 |
21 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1м² | 0,13 |
22 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1м² | 0,35 |
