Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 204 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7995 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3- бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.".
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бейімбет Майлин ауданының әкімі | К. Муржакупов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қостанай облысы
әкімдігінің жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары Басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
| қаулысына қосымша | |
| Әкімдіктің | |
| 2018 жылғы "11" шілдедегі | |
| № 204 қаулысына | |
| қосымша |
Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесі
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, километр |
1 | КР-TR-1 | "Новоильиновка-Козыревка" | 28,0 |
2 | КР-TR-2 | "Тобол-Новоильиновка-Павловка-Апановка-Евгеновка" | 100,0 |
3 | КР-TR-3 | "Новоильиновка-Богородское" | 2,0 |
4 | КР-TR-4 | "Новоильиновка-Мирное" | 4,0 |
5 | КР-TR-5 | "Новоильиновка-Притобольское" | 2,0 |
6 | КР-TR-6 | "Береговое-Нагорное" | 18,0 |
7 | КР-TR-7 | "Юбилейное-Береговое" | 9,0 |
8 | КР-TR-8 | "Красносельское-Журавлевка" | 7,0 |
9 | КР-TR-9 | "Красносельское-Щербиновка" | 20,0 |
10 | КР-TR-10 | "Тобыл-Приозерное" | 24,0 |
11 | КР-TR-11 | "Новоильиновка-Увальное" | 9,0 |
12 | КР-TR-12 | "Варваринка-Баталы" | 25,0 |
13 | КР-TR-13 | "Әйет-Майлин" | 2,0 |
14 | КР-TR-14 | "Әйет -Қызылжар" | 2,0 |
15 | КР-TR-15 | "Тобыл- Әйет" | 14,0 |
16 | КР-TR-16 | "Қайындыкөл-Смайыл" | 20,0 |
17 | КР-TR-17 | "Елизаветинка-Юбилейное" ("Причал" туристік базасына кірме жол) | 1,39 |
18 | КР-TR-18 | "Елизаветинка-Нагорное" ("Горняк" пансионатына кірме жол) | 14,7 |
Барлығы: 302,09 | |||
