Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | М. Сартов |
| Қостанай | |
| аудандық мәслихатының | |
| 2022 жылғы 28 сәуірдегі | |
| № 166 шешіміне | |
| қосымша |
Қостанай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жинақталған жылдық нормасы, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
1,80 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа да объектілер | 1 орын | 0,31 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,04 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,48 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,81 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,0040 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,70 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да ойын-сауық орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,85 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залы, интернет-дәмханалар, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,38 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | - |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары |
жоба бойынша | 0,04 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,47 |
15 | Көліктерден сауда | сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,20 |
17 | Көтерме базалары, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | - |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | - |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | - |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы | жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,23 |
22 | Автотұрақтар, автокөлік жуу орындары, жанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 1,50 |
23 | Автошеберханалар | 1 жұмысшы | 0,85 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | 0,20 |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,0 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,30 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,85 |
28 | Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т.б.) | 1 жұмыс орны | - |
29 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 1,30 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,16 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,56 |
Ескерту:
м2 - шаршы метр;
м3 - текше метр.
